Диана Мұхаметова. Еліміздегі наразылық тарихының тағы бір кейіпкері.  Полицейлер бұл қызды да  Ася Тулесова сияқты бізді жәбір сөзбен қорлады деп айыптап отыр. Айтыңыздаршы, полицейлерді жаман сөзбен жәбірлеу мүмкін бе, егер полицейлерге айтылып жатқан сөздер, олар жайлы барлық шындықтың  тек шеті ғана болса? Полицейлердің қолына түскендер ғана барлық шындықты біледі. Диана қазақстандықтардың көпшілігінің  үнсіздікте отырғанын, Тоқаевтың сөздерінің жалғандығын, полицейлердің жымысқы арамзалық істерін айтып отыр. Еліміздің азаматтарының  құқықтарының жоқтығын, мұндай жағдайды көріп оған төзе алмайтындығын, оған наразылығын білдіретіндігін, өзіне және барша қазақстандықтардың  жақсы тұрмыстары үшін күресетінін айтады. 

Бүгінгі  наразылық білдіріп алаңға шығып  жатқандардың көпшілігі, белсенділері — әйелдер екені таң қаларлық іс емес. Осылай әрқашан болып келеді. Оның себептері көп, еліміздегі еркек атаулылардың көпшілігі бейтарап болып отыр, өкінішке қарай. Диана не себептен сезімге беріліп полицейлерге жәбір сөздерін айтқанын түсіндіріп айтып отыр. Ол бейбіт наразылыққа  белсенділікпен қатысушылардың бірі, Диананы осы кезге дейін талай рет полицейлер ұстаған. 

Бұл жолы, полицейлер 6 маусым күні Диананы учаскеге алып барды, бірнеше сағат бойы оған әдейі су, тамақ бергізбеген, сөзбен тиісіп  қорлаған, жүйкесіне қысым жасаған.  Әрине, сөз жоқ мұндай кезде сезім әсеріне берілмеу мүмкін емес… Полицейлер кабинеттерінде  баяғы нквдші  малғұндар сияқты мінездерін көрсеткен. Диана олардың кабинеттерінде Сталиннің ілулі тұрған портреттерін көргенін айтады..

Бұл мәселе өз алдына үлкен тақырып, ерекше назар салып тексеретін жағдай деп санауымыз керек.  Қазақстандық погондылар неге  нағыз жендеттер сияқты мінездерімен танылып жүргендігінің түпкі себептерінің бірі осында жатқан болса керек. Шын мәніне келгенде қазақстандық құқық қорғау жүйесі құқықтық емес, ол шын мәнінде — саяси репрессивтік болып отыр. ІІМ, ҰҚК, прокуратураны басқарып отырғандардың «біз құқықтық мемлекетті, демократиялық реформаларды қолдаймыз» дегендері жалған. Осы органның басшыларын тағайындағандар дың да сөздері жалған. Қазақстандағы саяси жүйе шын мәнінде диктаторлық режим болып отыр.  Диана айтады, мен арандатушы полицейлерден кешірім сұраймын, егер ІІМ министрі  ведомстволарындағы кабинеттерінен Сталиннің портеретін алап тастайтын болса және осы портреттің астында отырған қызметкерлерін жазалайтын болса дейді. Министрдің олай жасамасы анық, сондықтан да олар Дианадан кешірім күтпеуіне болады. Өкінішке қарай. 

Диана өзін айыптап отырған ҚР ҚК-ң 378 бабы бойынша қорғаушыдан бас тартып отыр. Себебі мұндай саяси істе адвокаттың көмегі нәтижесіз. Бұл турасына келгенде Диананың айтып отырғаны дұрыс, себебі сот тергеу мен прокуратураның айыптаған құжаттарына қарап шешім шығарады. 

Әйтсе де жақсы азаматтық адвокат сот процесіндегі болатын бұрмалаушылықтар мен заң бұзушылықтарды бақылап, қағазға түсіріп, саяси тапсырысты әшкерелеу үшін қажет болады. Жақсы адвокат қорғап отырған адамы үшін сот пен прокурордан жалынып ештеңе сұрамайды, бірақ полицейлердің әдейі жасаған арандату істерін дәлелдеп әшкерелейді. Мұндай дәлелдеулер бүгінгі  таңда жұртшылыққа, қоғамға Қазақстандағы әділетсіз соттың бет пердесін ашу үшін қажет. Бұл дәлелдеулер кейін болашақта да керек, арандатушы полицейлерді, прокурорларды, тергеушілерді, судьяларды жауапқа тартылатын күні туғанда беттеріне басып, жазаға тарту үшін керек… 

Диана және Ася – бейбіт наразылықтың символдары.  Жұрт алдына шығуға жүрексінген еркектерге үлгі болатын,  бейтараптыққа беріліп бейжай отырған қоғамды оятатын батыр да батыл азамат қыздар. Қазір оларға қолдау қажет, қорғау қажет, біздің қолдауымыз қажет. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.