Ася Тулесова тергеу изоляторына қамалды (басқа деректер бойынша уақытша изоляторға қамады деп те айтады). Ұсталған шығар деп ойлаймыз, сосын тұтқындап қамайтын болар. 

Себебі көзге көрініп тұр — полицейдің жерге домалап бара жатқан бас киімі, «ұстаңдар» деп жан дауысы шыққан полицейдің айқайы тек қана Қазақстан әлеуметтік желі көлеміне ғана емес, басқа да жерлерге тараған болса керек. Полицейлік дерек көздер мен үкіметтің жалдамалы нұрблогерлері бұл кадрді сол көріністерден бастап көрсетті. Бірақ шын мәнінде сол көрініске дейін бірнеше минуттық оқиғалар болып, полицейлердің арандатқан күш қолдану іс-қимылдарының болғанын айтқан жөн болар. Полицейлер ұзақ уақыт бойы адамдарға қорлау мен күш қолдану әрекеттерін жасап, ешқандай сөзсіз жәймен бақылап тұрған адамдардың абыройы мен намыстарына тиіп, тиісіп тұрды. Сіздің көз алдыңызда полицейлер адамдардың абыройы мен қадір-қасиеттерін таптап жатса сіз не істеген болар едіңіз? Полиция адамдардың моральдық ішкі сезімдері мен адамдық қасиеттерімен тіпті санаспай дөрекілік істерін жалғастыра  берген. Егер сіздің көзіңізше  білегі мықты әлсізді қорлап жәбірлеп жатса, қандай сезімде болған болар едіңіз? Ал полицейлер сіздің көз алдыңызда сол аяусыз қаталдық істері үшін ешқандай жауапсыздықтарын жасай бермек пе? Осындай әділетсіздікке, көз алдыңдағы күштінің қорлығы..  Осындай кезде әрбір өзін сыйлайтын адам әлсізге, қиянат көріп жатқан адамға болыспайды емес пе,  әуелі сөзбен болысасыз, сөзге түсінбеген соң оның бас киімін жерге домалатасыз. Міне, осындай кезде қорқау қасқырлар адамға тұра ұмтылады.. Сосын прокуратура, тергеу, сот.. Сол жерде заңдылық естеріне түсіп, биліктің өкілін ренжітуге болмайды деген сөздер айтылады, сіз қылмыс жасадыңыз дейді.. Бұл бұрыннан келе жатқан таныс, үйреншікті әдіс пен амалдары. Дәл осы әдіс пен амал біздің түрмелер мен лагерьлерде қолданылады. Барактан сотталғандарды шығарып плацқа қатарға сап түзеп тұрғызады да, қатардан бір екі адамды шығарып алып жұрт алдында қорлап, ұрып, сындырады, таяққа жығады. Бұл көріністі мыңдаған адам ҮНДЕМЕЙ БАҚЫЛАП тұрады… Қатарда тұрғандардың бірі шыдамай дыбыс білдірсе, оны ортаға шығарып таяқтың астына алады. Басқалар бұл көрініске ҮНДЕМЕЙ БАҚЫЛАП қарап тұра береді…  Ася Тулесова шыдамады, үнін шығармай тұра алмады. Енді сол үшін Ася Тулесова ҚР ҚК-ң 380 бабы 1 б. қылмысқа тартылатын болады.  Ол бапта 1 б.былай жазылған:  : «Озбырлық жасау, өмірге, денсаулыққа кауіпті емес күш қолдану,немесе биліктің өкіліне немесе оның жақындарына қызметтік міндетін атқаруы кезінде, немесе қызметтік міндетін атқарғаны үшін өш алу — үш мың айлық есептік көрсеткіш айыппен немесе түзету жұмыстарымен сол көлемде немесе сегіз жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыспен, немесе үш жылға дейін еркіндігінен шектеу немесе үш жылға еркіндігінен айырумен».. Асяны қамауда ұстауға ешқандай негіз жоқ, себебі тергеу изоляторының (түрменің) атмосферасы қалыпты өмірдегі адам үшін ерекше сын. Оның үстіне жабық режимдік жағдайда адамға психологиялық қысым көрсетіледі, оны ешкім білмейді. Міне, осындай кездерде адамдар погон таққан айуандардан бейнеролик арқылы кешірім сұрап бостандығын «сатып» алады. 

Ася Тулесова істегені — мыңдаған адамдардың кез келгені ойланбай жасайтын қалыпты іс. Егер дәл солай мыңдаған адамдар жасаған болса, Ася алаңға шықпаған болар еді, біз ондай кезде басқа қоғамда, басқа елде өмір сүрген болар едік. Асяға көмек керек. Асяға қалай, немен көмектесе аласың, ол сіздің еркіңіз. Асяның достарымен хабарласыңыз, оған қалай, немен көмектесуге болады, ақылдасып біліңіз.. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.