Бүгінгі таңда біздің қолымызда азаматтарды үш жүзден астам рет полицейлердің заңсыз қуғындағандары жайлы деректер бар, 6 маусымға дейін, 6 маусымнан кейін. Орын алған осы жағдайлардың барлығында да азаматтар өзіне тиісті еркін пікір айту және бейбіт жиынға деген заңды құқықтарын пайдаланбақ болған. Сонымен бірге Қазақстанның полиция, ҰҚК және прокуратура тарапынан азаматтарға бейбіт жиынға деген құқығына кедергі жасағанының куәсі болып отырмыз. Жоғарыда аталған ат төбеліндей гестапоның символына айналған күштік органдар елде билікті жеке басына меншіктеп алып отыр.

Қазақстанда болып жатқан осы қылмыстық істерді түсіндіру мақсатында фашистік гестапоның шефі Генрих Гиммлердің мына бір сөзін естеріңізге сала кетейін: фюрердің еркі мен айтқанын орындайтын мезгіл кезіндегі гестапоның атқарған істерінің барлығы заңды болып саналады. Бұл жерде «фюрер» деген сөзді «елбасы» деген сөзге ауыстырыңыз, сонда бәрі түсінікті болады, алдағы уақытта да не болатынын біліп отыратын боласыз.

Біздің режимнің ақылға қонымды сана мен тірлікке қабілеті де жоқ. Ол жағы түсінікті. Жағымпаздық — біліктілік пен шығармашылықтың бірінші дұшпаны, ал диктатура қартайған сайын өзіне жасалатын жағымпаздықпен ғана күн көруге көшеді… Сондықтан да болар, мұндай режимнің ойлап тапқан ұсыныстары мен инициативалары өзінің тапқаны емес, өткен замандық диктатуралардың ұрандары , сол заманнын көшіріп алынғандар немесе ұрланған идеялар (рухани жаңғыру сияқтылар) — гитлерлік фашизм мен нквд заманынан жеткендер.

Азаматтардың өздеріне тиісті заңды талаптарына қарсы біздің диктатураның жазалауды қатайтып жатқанына дәлел болатын мысалдар мен айғақтар жетіп артылып жатыр. Күнде ақпарат ағынымен беріліп жатқан «тоқаевтық саяси реформалар» соған куә. 2020 жылғы 6 маусымдағы белгіленген бейбіт митингілердің алдында билік өзінің диктатуралық жазалау арсеналына санитарлық қызметтерді қосып аттандырды. Әуелі елдің Бас санитар дәрігері егер митингіге шығатын болсаңдар, онда оның аяғы COVID-19 індетінің ақыр заманы болады деп елді қорқытты. 6 маусым күні еліміздің қалаларындағы алаңдарға «химиялық қаруды» шығарып алаңға келген адамдардың қасына апарып у себе бастады; Ал осындай кезде әлемнің барлық елдерінде жүздеген мыңдық митингілер болып жатқанын көрдік… Бұл аз дегендей, «реформашыл Тоқаев» «саяси жандармдардың» қатарына (полиция, ҰҚК, әскерилер), президенттің Іс басқармасын да қосып, оларға «санитарлық құқық» қосып берді, бейбіт митингілерді санитарлық жолдармен басуға құқық берді. Осыдан біршама уақыт бұрын БҰҰ осындай тірліктердің алдын алып «пандемияны адам құқына қарсы құрал ретінде пайдаланып, жаппай қаталдату жолымен, адам құқының жағдайын бұзуға болмайды» деп ескерткен болатын.

Қазақстан осы жасап жатқан заңсыз тірліктері арқылы БҰҰ-ң айтқандарына қарсы шығып отыр. Диктатура өзінің өмірін ұзарту үшін «рұқсат етпеу мен тиым салу» стратегиясынан басқа шаралар жасай алмайды, одан басқа ешьеңе қолынан келмейді. Қазақстандағы адам құқына байланысты саяси реформалар жүріп жатыр деген әңгімелердің барлығы көз бояушылық пен желеулер.

Адам құқы мен азаматтық, саяси еркіндіктерге қарсы жасалып жатқан бұл әрекеттер диктатураны сақтап қалдыруға сәйкес келмейді. Нұрсұлтанның жартыесті жаршылары «басқарылатын демократия» дегенді ойлап тауып отыр, бірақ құлсана деңгейіндегі олардың миына оның шын мәніндегі «диктатуралық жолмен басқарылып отырған демократия» екендігіне ақылдары жетер емес… Тоқаев – бұл жүйенің өнімі емес, ол осы жүйенің ажырамас бөлігі, басшы бол деп тағайындалған доңғалағы. 2002 жылы Тоқаев премьер-министр болып қызмет еткен кезінде Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен елде жаппай демократиялық саяси реформаларды жүргізуге шақырған, жаңа пайда болған РҚБ ҚДТ-ы жойды… Сол себептен де Тоқаев ешқандай демократиялық реформалар түгіл, ондай идеядан тіпті аулақ адам, ол диктатураның қызметшісі, диктатураның астауынан отбасымен бірге күн көріп отыр.

6 маусым күні полицейлер бейбіт жиынға шыққан адамдарды «ұстап, улаған» күні бейбіт жиындар туралы заңның күшіне енуі бекерден бекер емес. Осы қабылданған және партиялар мен сайлаулар туралы «реформалық пакетке» кірген заңдар қазақстандық және әлемдік мамандардан тиісті теріс бағасын алып қойды.

Қарағай ағашының алма жемісін беруі мүмкін емес…

Адам құқығы мен екінші президент Тоқаев — екеуі түйіспейтін екі жолдың түзулері. Біздің құқымыз тоқаевтар мен назарбаевтардың қолында емес. Олар біздің туа бітті адам болып туғаннан бергі өз меншігіміз, өз құқымыз. Енді соны дәлелдеу ғана қалып отыр.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.