Тоқаевтың үстінен  қой  терісін жамылған тағы бір шекпені сыпырылды. Оның полициясы  өзінің «бір клеткалық жан» екендігін тағы да ашып көрсетті, азаматтар наразылық жасаудың тағы бір түрінен тәжірибе алды. 

6 маусым күні Қазақстанның бірнеше қалаларында «митингіге» шыққан азаматтары  Тоқаев мырзаның Назарбаевтың қуыршақ көлеңкесі екенін дәлелдеп берді. Назарбаевтың кезінде қандай болуы керек болса, Тоқаевтың кезінде де дәл солай болатынын, диктатуралық биліктің түк өзгермегенін дәлелдеді. Митингіге дейін «тазалап» үлгерілмегендерді үйлері мен пәтерлерінен шыққан кезде ұстады. Үйлерінен ұстай алмағандарды алаңға бірнеше жүз метр жақындаған жерінен күтіп ұстады. Осындай жағдайлардың жүз емес, мыңдаған рет болғанын, мыңдаған азаматтарды қорлап еш себепсіз, құқықтарының тапталған жағдайлары орын алды.  

Осы орайда Жанболат Мамайдың бір топ жақтастарымен ешкім оған кедергі жасамай плакаттар ұстап көшемен өтуі ыңғайсыз және сұрықсыз көрініс болып көрінді. Олар «өз адамдарымен» полицейлердің қоршауында жайбарақат кетіп бара жатты. Жанболат үшін біздіңше, ойланатындай жағдай орнап отыр — Жанболат өзін биліктің пайдалануына жол бермеуі тиіс деп ойлаймыз немесе жағдайды күрт өзгертуі керек. Бір қызығы — Жанболат осындай істерімен билікпен емес, Әбләзовқа қарсы күреске шығып отырған сияқты.  «Сатылып кетті», «келісіп алған» деген өзіне қарсы айтылған сындарға жауап беріп жатқан Жанболат Мамайдың жақтастарының  іс-әрекеттері мен сөздерінде билік тарапынан қолданылатын сөз тіркестері мен дәлелдік сілтемелерді аңғаруға болады. Мұның өзі олардың «басқарылып» отырғандығы жайлы айыптауларға негіз болатындығының тағы бір дәлелі сияқты. 

Әрине, «ақ сызықтың бойымен жүгіру» әрқашан қауіпсіз, әрқашан комфортты. Бірақ диктатурамен күрес кезінде бұл әдіс жарамсыз. Диктатурамен күрес кезінде өлшемге алынатын бір ғана стандарт бар. Ол — ҚДТ-ң қудалануымен өлшенетін өлшем. Биліктің шын дұшпаны — ҚДТ деңгейіндегі оппоненттер, осы өлшемге бүгінгі таңда Көше партиясы сай келеді. 2002 жылы осындай жағдай болған, қазіргі өлшем де сол деңгейде қалды.  Диктатураға қарсы шынайы күреспейтіндер, диктатураның шынайы дұшпаны еместер — ондайлар нағыз оппозиция бола алмайды. Егер Жанболат Мамай өзін нағыз оппозициямын деп санайтын болса, оны күнделікті интернеттегі сөздерімен ғана емес, нағыз идея үшін істерімен де дәлелдеуі тиіс.  Билік басында отырғандар бүгін тағы да елдің азаматтарына бейбіт жиын құқын пайдалануға тиым салды, билік адамдарға алаңға шығып өздерінің наразылықтарын айғақ пен дәлелдермен айтуға мүмкіндік бермеді. Бірақ наразылық жасалды. Өздерін полицейлер ұстағандар, қамалғандар, сөзбен, іс-қимылдарымен қорланып жәбір көргендер, полицейлердің осы оспадар әрекеттерін көргендер наразы болды. Бүгін осындай наразылықтар көп болды, олардың көбеймесіне кім кепіл? 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.