Павлодарлық құқық қорғаушы Елена Семеновағның үстінен сотқа бірден үш талап арыз берілген.  Бір мезгілде Қостанай, Заречный және Тараздағы лагерьлер «біздің қызметтік абыройымызды» төкті, «іскерлік репутациямызға» қара жапты деп арыз жазған. Бірден айта кетуге тиістіміз, бұл арыздар түкке тұрғысыз нәрселер, себебі бұл жұмыс Еленаның қызметтік парызы. Ал, «қызметтік абыройын» төгілген жағдайларға келер болсақ, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері өз абыройларын өздері оспадарсыз істерімен төкпесе оған Е. Семенованың еш қатысы жоқ.

Ай сайын кемінде  бір рет Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің арасында жемқорлық оқиға өтіп тұрады, оның барлығы жұртшылыққа жетіп жатыр. Осы істердің көпшілігі Елена Семенованың  өз міндетін адал атқаруының арқасында қоғамға жетіп жатыр. Қылмыстық атқару жүйесінің  түрмелер мен лагерьлерде болып жатқан жымысқы байланысын Е. Семенова үзбей жұртшылыққа жеткізіп келе жатыр. Сол себептен де бұл мекеме мен жаңағы Семенованың үстінен қозғалған үш арыздың арасында байланыс бар екендігін дәлелдеп отыр. Қызметтік абырой мен іскерлік репутация бұрынғы НКВД мен ГУЛАГтың негізінде жұмыс істеп келе жатқан КУИС жүйесі мен қызметкерлерінде ешқашан болған емес.  Бұл істің мәніне келер болсақ, біз Е. Семенованың түрме мен лагерьден жіберілген оқиғалар мен жаңалықтарын үзбей қайталап беріп отырамыз. Себебі, біздің құқық қорғау сайтының басты мақсатының бірі — Е. Семенова сияқты құқық қорғаушыларды қолдау. Сотталушыларды қорғау мәселесінің қиындығы — КУИС-ң жабықтығы мен өзінің спецификасында, сонымен бірге қоғамымыздың инерттігі, КУИС қызметкерлерінің түрмеде жасайтын айуандықтарын «басқаша» түсінетіндігінен бұл жұмыс құқық қорғаушылар үшін ерекше қиын жұмыс. 

Көп жағдайда сотталғандар түрме мен лагерь ішіндегі «жыртқыштық»  жабық тәрбиелеудің ішінде жүріп өздерін өздері қорғауға мүмкіндіктері жоқ. Сол себептен де біздің ол жақтан алатын ақпараттарымыз негізінен алғанда инсайдерлік эксклюзивтік болып табылады.  Е. Семенованың жіберген ақпараттарының бірде бірінде жалған хабар немесе біреудің абыройына нұқсан келтіретін сын болған емес. Еленаның хабарлары, сол жақтағы сотталушылардың оған сенетін болғандықтан сыбырлап айтқандары. Осындай ақпараттарды Семеноваға берушілер ерекше тәуекелге бел буынып оларды айтады. Себебі, түрмеден «шығып кеткен» мұндай хабарлар үшін оларды таяққа жығады, тіпті өлтірулері де мүмкін, мұндай жағдайлар талай рет болған.

Олар Еленаға сенеді, оған ең соңғы үмітін артып көмек сұрайды. Иа, шынында да Елена көптеген сотталғандар үшін ең соңғы үміті. Түрмедегі бақылайтын прокурорлар, тергеушілер, судьяларға сотталушылар сенбейді, ешқашан сенген емес. Елена өте қажетті, өте маңызды жұмыс атқарып жүр, Елена түрме ішіндегі отырғандардың  азап кешу арқылы сыртқа жіберген хаттарын, түрме қызметкерлерінің арамзалық,айуандық іс-әрекеттерін жарыққа шығарып, жұртшылыққа жария етумен айналысып жүр.  Семенованың арқасында прокурорлар «біз білмей қалдық», «бізге мұндай деректер түскен жоқ» деп айта алмайды. Еленаның арқасында сотталушылар өз құқықтарын қорғау жолында әділетке жетуге үміттері бар. Е. Семенованың кінәсі — КУИС жүйесінің  естімейтін жабық тас қамалын бұзғаны, түрме қызметкерлерінің айуандықтарын дәлелдеп бергені. 

КУИС қызметкерлері өздеріне қатысты қылмыстары жұртшылыққа таралған кезде қандай айта, амал қолданатындары белгілі.  Олар Елена Семеновадан көмек алған сотталушыларды оған қарсы қойып, куәландырып айдап салуға баратыны анық. 

Ондайлардың кейбіреуін қорқытады, туыстарыңа қауіп төніп жатыр деген хабар жібереді, екінші біреулерге жеңілдік жасаймыз, ертерек босатамыз деп уәде береді. ..  Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жиі болып тұрады. Бұл орындарда қалыптасқан «адами материалдардың» спецификасы осындай. Елена Семенова оларды біледі. Біле тұра, бұрынғыша көмектесуін тоқтатпай  сотталушылар үшін әділеттілік пен заңдылық жолында шаршамай талмай жұмыс істеп келеді.

Елена Семенова сияқты құқық қорғаушылар өте аз. Оларды қорғау керек, бүкіл жұртшылық, қоғам болып қорғау қажет. Ар, ұят, абырой, намыс дегендерден жұрдай болғандардан, бұл түсініктерді жұрттың аузын жауып, өздерінің арамзалық жымысқы әрекеттерін бүркемелеу үшін пайдаланатындардан, ондаған жылдар бойы түрмедегі  адамдарды азаптап, қорлап, өлтірушілердің айуандық әрекеттерін тоқтату үшін, оларды сол істері үшін жауапқа тарту үшін Е. Семенованы қорғауымыз керек. Осы сөздерімізбен келіссеңіз, мақаланы достарыңызға жеткізіңіз. Бұл мәселеге барынша ашықтық, жариялылық керек. 

Елена Семеноваға қолдау көрсетейік! 

Елене Семенова адамдарға көмек көрсетуін жалғастырсын!  

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.