Мұндай оқиғалардың өздерінің шығу тарихы бар, барлығына да түрмелерді қадағалайтын прокурорлар мен Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері стандартты жауап береді. 

Сотталғандар «біздерді бірнеше күннен бері ұрып жатыр» деп терезеден қанды футболкаларын көрсетіп жатыр, ал прокурорлар мен КУИС қызметкерлері:  бұл сотталғандар «қасақана заң бұзушылар, оларды несіне тыңдайсыңдар, олар өте ауыр, ерекше ауыр қылмыс жасап сотталғандар» дейді.

Осы жерде жиі айтылатын «ауыр және ерекше ауыр қылмыс жасаушылар, айтып жеткізуге болмайтын сұмдық қылмыскерлер» жөнінде толығырақ айтып кеткен жөн болар. Осы сөздер әрқашан  бір ауыздан екінші ауызға, бір құжаттан екінші құжатқа көшіріліп айтылып келеді. Бұл сөздің қай жері заңды, қай жері заңсыз екеніне тоқтайық.   Мысалы ЕС 164/3 мекемесінде, оны былайынша «үштік» деп атайды,  кімнің не үшін отырғанын есіне салу жазаланатын сөзге жатады.  Түсінік бойынша да, режимнің тәртібі бойынша да. «Не үшін» — деген  сөз сонау түрменің сыртында қалды, сот үкімінде саған «не үшін» жасаған істеріңді егжей-тегжейлі өлшеп, зерттеп тиісті жылыңды берді, қандай түрмеде, қандай режимдік жағдайда отыратыныңды үкіммен шығарып берді. 

Түрмеде немесе лагерьде сенің жаңа өмірің басталады, міне сол жаңа өмірің басталған күннен бастап, сен өзіңді жаңа қырыңнан көрсетуге тиіссің, сенің бұл жерге келгенге дейін кім болғаның, не үшін мұнда «келгенің» сыртта қалды.  Жаңағы прокурорлар мен түрме қызметкерлерінің кімнің не үшін отырғандарын қайтадан еске салып отыруы — түрме өмірінен еш хабары жоқ «жұртшылыққа, қоғамдық пікір» тудыру үшін, өздерінің заңға қайшы қылмыстық істерін «ақтау» үшін қажет. Міне, көріп тұрсыңдар ғой, кіммен қызмет атқарып жатқанымызды, оларға қандай заңның керектігін біліңдер… Бейне таспада қызметкерлердің бірі сотталған адамның туысымен сөйлескен кезінде «бізге погондыларға оларды ұруға рұқсат берілген» дегенді айтқан… 

Түрмеде немесе лагерьде бүліктің болуы — бұл ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан оқиғаның, жаман оқиғаның, жаман істердің  ең соңғы нүктесі. Бүлік жасаушы сотталушылар біледі — бұл оқиғаның аяғы олар үшін міндетті түрде жаманшылықпен аяқталады: оперлер «ұйымдастырушыларды» табады, оларды басқа аймаққа ауыстырады, этап кезінде, жаңа түрмеде, лагерьде таяққа соғады. Жеке іс папкасына «пәленше», «түгенше» деген атау жапсырады, әрбір жаңа конвой, әрбір тінту барысында таяққа соғылады, азап пен қорлық басынан арылмайды… Қалған сотталушыларды отырған жерінде «сілкілеп» алады, түрмеге әскер кіргізіп барлығын таяқтың астынан өткізеді, бір сөзбен айтқанда, жақсы өмірі болмайды. Бірақ, сондай жағдайдың боларын біле тұра адамдар бүлік жасауға, азапты өмірге баруы — олардың бүгінгі өмірінің нағыз азапты екендігі. Түрме мен лагерь өмірі неше түрлі ондаған, жүздеген майда-шүйдалардан құралады. Түрме өмірінде тиымдық дүниелердің көптігі сонша, аяғыңды сондайлардың біріне соғып аласың байқамай, басқаша болуы мүмкін емес.  Түрмеде  «заң бұзбау» мүмкін емес, солай арнайы жасалған, сенің үстіңнен жаза қамшысы әрқашан үйіріліп тұрады. Осыны түрме қызметкері жақсы пайдаланады, «заңды бұздың, қаласам жазалаймын, жазаламауым да мүкін», осылай папкаңа тігілетін қағаздарды жинай береді, жинай береді.. 

Осылай әртүрлі «стукачтар, сыбырлаушылар, тамырлар» көбейе береді.  Өз адамдарына қолдау, майда-шүйда игіліктер жасалады, қалғандарына — заң. Осының салдарынан «көнбейтіндер», «қасақана заң бұзушылар» көбейіп ең ақыр соңында шыдамы таусылғандар бүлікке барады…

 Заң бұзушылықтың қалай қолдан жасалатындығына , оны арандатып қоздырудың бір мысалын келтірейін. Ондаған жылдар бойы қамалғандарға берілетін тамақ, киім, тазалық құралдары ІІМ-ң бұйрығына сәйкес және ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген (қазір ол 1255 қаулы)  тізімге сақал алатын ұстара   кірмеген. Бұл затты алуға болмайды, ондаған жылдар бойы (!!) сотталғандар  әртүрлі әдістермен сақалын алады,  қауіпсіз ұстараны (станокты) алу заң бұзушылыққа жатады, сотталғандарға екінші адамның затын пайдалануға болмайды. Сақал станогі жеке адамның тек өзі ғана пайдалануы керек, бір жеріңді кесіп алсаң ВИЧ жұқтыруың да мүмкін.. Ал сақалыңды алмай жүруге тағы да болмайды, күн сайын тексереді, сақалыңды алмасаң жазаға ұшырайсың..  

Ондаған жылдар бойы (!!!) оперлар мен режимдіктер осы жағдайды пайдаланып заңды бұздың деп тиіседі, қоздырады. Әлі күнге дейін бұл жағдай өзгермей келеді.. ондаған жылдардан бері. Майда-шүйда деп ойлайсыз ғой? Еркін тұрмыста әрине, майда-шүйда. Ал түрмеде шыдамның  шегінің ең соңғы тамшысы болуы мүмкін, оның аяғы бүлік пен қанға ұласуы ықтимал.  Біз көрмейтін темір шарбақтың ар жағындағы өмір осындай майда-шүйдалардан тұрады…

P.S. Бүлік басылды деген хабар келді. Енді сценарий бойынша айыпкерлерді, ұйымдастырушыларды «тағайындайды». Бұл іс бойынша түрме қызметкерлерінің еш «кінәсі  болмайды», әрине… 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.