Өздеріңізге белгілі, біздің адам құқығын қорғайтын kuresker.org, сайтымыз, «эфирде» бір айға жетпейтін уақыт «өмір сүріп», сосын бұғатталған болатын. Бұғаттау  «Қазақтелеком» АҚ қарамағындағы, бірақ ҰҚК-е бағынышты тетіктермен жасалды.

020 жылдың 16 мамырынан бері сайтымыздың материалдарын әлемнің кез келген жерінен көруге болады, бірақ Қазақстаннан көре алмайсыз. Біздің елде тек қана VPN қолдансаңыз ғана көре аласыз, көптеген ресурстар арқылы жүктеп алуыңызға болады. 

Біздің құқық қорғау сайтымыздың бұғатталуын — біздің биліктің қолынан келетін жалғыз ғана бишаралық мүмкіндігі екендігін мойындай отырып, бұл бишаралық тірлікті — бүгінгі биліктің біздің тарапымыздан жасалып отырған   құқық қорғау қауымдастығы мен азаматтық белсенділерді қолдап жатқан еңбегімізді жоғары бағалағаны деп санаймыз. Мұндай «жоғары бағалауды» көзге ілмеске құқымыз жоқ. 

Азаматтардың  ақпарат  алу мүмкіндігін ешқандай сотсыз бұғаттау —  «біз демократиялық реформалар жүргізу бағытынан таймаймыз» деп осы кезге дейін өз халқын алдап келе жатқан ел басшылығының жүйелі  өтірігінің айқын куәсі болып отыр. Басшы суайттар — Назарбаев пен Тоқаев.  Олардың бес  кеңесшісі мен режимның маскарадшылары  — Карин, Мусин, Құдайбергенов және басқалар бар.

Сөз бар, сосын Іс бар. Сөз Іспен нақтыланады. Біздің суайт билік жүйелі түрде, ондаған жылдардан бері сөзі бөлек, ісі басқа, осы екі мағынаның арасындағы айырмашылықты алыстатып келеді. 

Оный айтасыз, жалған сөзін көзіне көрсеткен азаматтарды қуғындап отыр, өтірігін әшкерелегендерге күш қолдануда. Сүйтіп биліктің өзі жағдайды шиеленістіріп, халықтың өзіне деген жаппай сенімсіздігін тудырып, наразылықты қоздырып жалған «тұрақтылықтың» ақырына жақындап келеді. Өтірік пен зорлыққа негізделген «тұрақтылықтың» мәңгі болуы мүмкін емес. 

Азаматтарды  біздің құқық қорғау сайтына кіру мүмкіндігінен айырған соң Egov арқылы әртүрлі инстанцияларға, бұғаттауға қатысы  болуы мүмкін органдарға ресми қатынастар жібердік.  Ең біріншісі — Қазақтелеком АҚ, себебі осы қоғамның  техникалық тетіктері арқылы сайтқа кіру бұғатталған. Оны мына интернет-ресурстар көрсетіп отыр, олар бүкіл әлемге тарайтын веб-сайттарға кіру мүмкіндігін бақылайды. Сонымен бірге Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне де қатынас жібердік, себебі министрлік интернет-ресурстардың  контенттерін мониторлап заң бұзылған кезде қажет деп тапса сотқа шағымданып бұғаттауды сұрайды. Ішкі істер министрлігіне де арыздандық, себебі кейбір жарияланымдарымыз оларға жағымсыз болуы мүмкін. Сонымен бірге Бас прокуратура мен ҰҚК-е де шағымдандық, себебі біздің депутаттарымыз жақында осы ведомстволарға ұнамаған веб-сайттарды жауып тастауға, сөз бостандығы дегенге бас қатырмай «сотсыз, тергеусіз» жабатын заң шығарған болатын. 

Ақпарат министрлігі бірден жауап беріп сайтымыздың контентіне қоятын айыбы жоқ екендігін хабарлады, сотқа шағымданбаған. Бас прокуратура да өзінің бұл «іске» еш қатсытғы жоқ екендігін хабарлады; бірақ неге бұлай сөз бостандығына тосқауыл қойылған деген мәселеге тіс жармапты, прокурорлық міндеті болса да. «Қазақтелеком» АҚ -а жылдам жауап берді, сіздердің сайтыңызды бұғаттауға қатысымыз жоқ деді.  Жауабында  «көз қиығымен» Республикалық техникалық қызмет» деп аталатын бізге бұрын таныс емес инстанцияға сілтепті. Бірақ сүйтсек, бұл қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарайтын мекеме екен. Қазақстан жерінде болып жатқан талай сұмдықтар мен адам құқын бұзушылықтар, азаматтық және саяси құқықтарға қатысы бар құпиялар мен арамзалықтардың исі мүңкіп тұрған мекеме  екен. Енді осы мекемеге республикалық технологиялық қызметке (РТҚ), құлақтары көрінетін, бірақ өздері көрінбейтіндер отырған мекемеге, бізді бұғаттауға қасы болуы мүмкін «жерге» хат жаздық… 

Жақында жауап келді ме деп поштамызды қарадық. ІІМ мен ҰҚК қатынасымызды тіркеген, бірақ жауап жоқ. Ал РТҚ-а келер болсақ.. 

 Egov бойынша бұл контордың қағаздарының көпшілігі ішкі өз қатынастарына қатысты қағаздар, біздің қатынасымыз жайына келер болсақ, 27 мамырда орындаушы Теміржанова А.А. «орындалуы» деген графаға «Қатынастың сұранысы толық қанағаттандырылды» деп белгі соғыпты. 

Тексеріп көрдік, сайтымыз бұрынғыша Қазақстанның азаматтары үшін бұғатталған. Әрине, біз танитын «органдардан» басқаша жауап  алу мүмкін емес. Ал  «Қатынастың сұранысы толық қанағаттандырылды» деген жауапты алған жоқпыз, сұрап білейік деп орындаушы А. А. Теміржанованы іздедік, контактілері жоқ. Иа, таң қалар ештеңе жоқ.  Ақылға сиғызар да ештеңе жоқ, қисынсыз ұятсыздық…

Биліктің мемлекеттік органдары — ҰҚК, ІІМ, Бас прокуратура  «қорқау қасқыр» терроршыларға ұқсайтын мінез көрсетіп отыр. Егер қорқақ болмаса сотқа жүгініп жариялы, ашық түрде біздің бұзған заң баптарымызды дәлел-айғақтармен көрсетуге болар еді. Бұл органдардың қолында депутаттар бекітіп берген (депутаттарға рахмет) заңы бар, бізді еш сотсыз веб-сайтымызды бұғаттауына болады, бірақ бишаралық қорқақтың танытып тығылып отыр… Себебі олардың шындыққа  қарсы қояр дәлелі, аргументтері жоқ, себебі біздің елде шындықты айтуға заң жолымен тиым салынған; халықтың құлағына шындықты жеткізу — ең ауыр экстремизмге жататын қылмыс..

  Карин, Худайбергенов сияқты кеңесшілер мен көмекшілер…  беттеріңе неше түрлі бет перде жапсаңдар да, неше түрлі жұртшылықты алдарқататын  «нквд мен нсод» құрғандарыңмен ештеңе шықпайды.  Сіздерге сұрақ қойылды, өтініштер қаншама жазылды, не болды аяғы? Сіздер де ҰҚК сияқты мелшиіп диктатураны қолдап  үнсіз отырсыздар. Мұндай ұятсыз үнсіздіктеріңнен кейінгі сендердің орның —  тарихтың қоқысы.  Біз жұмысымызды жалғастыра береміз, біздің материалдарымыз Фейсбукте, сол атымен  – kuresker.org  орнында. Құқық қорғаушылардың жаңалықтары мен оқиғаларын беріп тұрмыз, құқық қорғаушыларды қолдап отырмыз. 

Жоғарыда аттары аталған «инстанциялардан» жауап алу ойынан қайтқан емеспіз. Бұл жағдайда бірнәрсені өзгерте қоярмыз деп ойламаймыз, онсыз да «жан-жақтан хабарды» көп алып тұратын оптимистерміз. Бүгінгі режимнің арамзалық жымысқылық әрбір іс-қимылдарын біздің құжаттарымызда күн сайын тіркеп отыруымыз үшін қажет. Сендерге шындық іздеп барған әрбір адамнан кейінгі  іс-қимылдарың үрей мен қорқынышқа толы. Сендер ертеңгі күнгі міндетті түрде болатын «ақырдан» қорқып отырсыңдар. Ол «ақыр» міндетті түрде бір күні болады. Міне, сол кезде осы құжаттар алдарыңнан шығатын болады.

Біз бұрынғыша сіздермен біргеміз, сіздер үшін қызмет етіп жатырмыз. Сайтымызды оқыңдар, көріңдер, танысыңдар. Біз сендермен күштіміз.

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.