Көкшетауда арнайы қабылдау бекетінің камерасында отырған үш адам өлді. Камерада алты адам отырған, таңертеңгі уақытта алтауының да аяқ-қолдары қалшылдап тырысу басталған. Алтауын да ауруханаға жеткізген, сол жерде үшеуі өлген, алдын ала қойылған диагноз бойынша белгісіз затпен уланған. 

 Бұл адамдар арнаулы қабылдау орнында әкімшілік құқық бұзушылық жасады деген айыппен қамалған, негізінен алғанда жол ережесін бұзғандары үшін.

Полицияның жорамалы бойынша бұл кісілер белгісіз бір есірткілік заттарды (туыстары беріп жіберген болуы мүмкін) қабылдағаннан кейін өлуі мүмкін дейді. Бірақ бұл кісілердің барлығы, алтауы да есірткі қабылдайтындар деуге айғақ жоқ. Кім оларға есірткі апарып беруге көмектесулері мүмкін. Себебі арнаулы қабылдау бекетінің камераларына жіберілетін заттарды полицейлер  мұқият тексереді. Ақмола облысы бойынша Ұлттық превентивтік механизмнің (ҰПМ) тобының жетекшісінің айтуынша ол бұл арнайы қабылдау-тарату бекетіне  баруға рұқсат алмаған.  

Жалпы алғанда Қазақстандағы ҰПМ-ң қызметі өз алдына айтылатын әңгіменің тақырыбы, бұл мәселеге жақын күндері ораламыз. ҰПМ  Ішкі істер минситрлігіне қарайтын Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне (КУИС) қарайтын түрмелер мен лагерьлерге кіру құқы бар екі қоғамдық ұйымның бірі.  Егер Қоғамдық бақылау комиссиясы (ҚБК) түрмеге кіру алдында КУИС басшылығын ескертуге міндетті болса, ҰПМ еш ескертусіз және келісімсіз түрмелерге кіруге құқы бар. Бірақ мұның да «бірақ» дейтін жері бар,  аймақтық ҰПМ басшылары ескертусіз түрмелерге кіруі үшін ҚР президенті жанындағы адам құқы жөніндегі омбудсменнен рұқсат алуы тиіс. Омбудсмен рұқсат бермеуі де мүмкін, Көкшетауда болған жағдай сияқты, немесе екі апта уақыт өткен соң, жағдайдың актуальдығы өтіп кеткен соң рұқсат беруі мүмкін. Екі апта уақыт аралығында  КУИС, лагерь мен түрме әкімшіліктері «тиісті шараларды» қолданып  жасалған  заңсыздықтарды «ескіртіп» яғни болған істің «ізін жоғалтуға» үлгереді…

ҚР ІІМ-ң Қылмыстық атқару жүйесінің комитеті  (КУИС)  баяғы ГУЛАГ пен НКВД-ң режимдерінен қалған адам құқын таптау мен азаптаудың «рухани ізбасарлары» болғандықтан лагерьлер мен түрмелерде  жаппай адамның құқын таптау, қаталдық жасау, дәрігерлік көмек көрсетпеу сияқты аяусыздықтарды жасаулары мүмкін. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері олардың қызметін сырттан бақылаушылық жоқ болғандықтан, жариялылықтың жоқтығынан сотталғандарға неше түрлі адамгершілігін таптайтын азаптаулар мен қорлауға, жемқорлыққа барады.  Мұндай кезде түрмелер мен лагерьлерге шын мәніндегі тәуелсіз қоғамдық бақылау қажет, сонда ғана ол жердегі жағдай өзгеруі мүмкін. Бұл тақырыпқа тағы ораламыз. 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.