Азаматтық белсенді Дулат Ағәділдің өлтірілуі біздің жаңа тарихымыздың бетінде ұзақ уақыт қалары анық. Ертең — саяси құрбандарды еске алу күні, Дулат Ағәділді еске алу күні, Дулат сияқты биліктің қолынан өлгендердіеске алу күні. Иа – осылай. Иа, бүгінгі режимнің қолынан өлгендер, себебі билік өткен ғасырда қандай болса, сол күйі өзгермей қалды. Ештеңе өзгерген жоқ, бетіне қанша перде жауып шапанын ауыстырса да. Бұл режим адамдардың қоры болып келеді, себебі өзін сақтап қалғысы келген билік ешкімді аямайды.  

Дулат Ағәділдің туыстары мен адвокаты Ғалым Нұрпеисовты ақыр соңында «тексеру материалдарымен» таныстырды. Иа, өздеріңіз білетін «тексерушілер», бұл тексерудің қорытындысын екінші президент Тоқаев баяғыда айтып қойған — «табиғи себептер». Тоқаевтың бұл мәселе жөніндегі Назарбаевтың ісін жалғастырушысы екенін түсінген боларсыздар. 2012 жылы Назарбаев ресейлік басылымға Мұқтар Әбләзов жөнінде берген сұқбатында оны «қылмыскер» деп нақтылап пішіп берген болатын.  

Дулаттың соңғы сағаттары жайлы бейне материалдарды көрген оның туыстары әлі күнге дейін естерін жия алмай отыр. Дулатқа жасалған зорлықты көрсететін бейнематериалдарды көпшілігі жоқ, мұның өзі зорлықтың болғанын дәлелдейді. Себебі Дулаттың қамалған жерінде бейне бақылау күні-түні жүргізіледі. Егерде бейне материалдар түгел көрсетілген болса, міне көрдіңдер ме, ешкім оған қол тигізген жоқ деп барлығын көрсеткен болса, оны өлтірді деген болжам болмас еді. Сондықтан да, бір ғана нәрсе анық — Дулатты өлтірді. 

Тағы бір бейнематериал бар, Дулат Ағәділдің өлетін күнгі таңертеңі. Бұл бейнетаспада Дулаттың хал жағдайының нашар екендігі көрініп тұр. Әрең қозғалады, шайқалып әрең жүреді… Полицейлердің дөрекілігі, оның жағдайына көңіл аудармағандығы көрініп тұр.. Сосын полицейлер Дулатты дөрекілікпен итеріп жібереді, ол еденде құлап жатқан кезде, қозғалыс белгілері жоқ — полицейлер көпке дейін оған назар салмай қасынан өтіп жатыр. Не болды, неге қозғалмай жатыр.. ешкім қараған жоқ.. осылай жарты сағат уақыт өтті… Дулат салқын еденде өліп жатыр.. жалғыз өзі. 

«Табиғи өлім» дегеніміз осындай бола ма, президент мырза?! Осы көрініс — біздің полицейлердің, құқық қорғау орындарының азаматтарға деген қалыпты көрінісі, жазаланбайтындығының айғағы ма?!! 

29 мамырда адвокат Ғалым Нұрпеисов қызмет атқарып тұрған полицейлердің  ештеңені көрмеген болып, өлейін деп жатқан адамға жақындамауы, не болды деп білуге тырыспағандығы үшін, соның нәтижесінде Дулат Ағәділдің өлуіне байланысты қылмыстық іс қозғауды талап етіп сотқа арыз берді. Қайтадан жасалынатын жаңа тексерудің нәтижесінде Дулаттың қалай өлгендігі жайлы жаңа деректердің ашылуы мүмкін, не себептен көп сағат түрмеде отырған Дулаттың бейнематериалдары табылмағандығы жайлы біліп қалуымыз мүмкін.  

Бірақ бір нәрсе айқын — «полиция тарапынан қылмыстық іс құрамы жоқ», «бұл өлім табиғи мәселелерден» болды деуге еш негіз жоқ. Өлтірілгендігі көрініп тұр, оны кімдердің өлтіргендері де түсінікті. Дулаттың өліміне көмектескендері анық. «Бұл саяси өлтіру» деді Дулаттың анасы…

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.