Адам баласы үшін ең маңызды, ең қажетті құқықтардың бірі — тарихты сол шынайы  күйінде бұрмаламай  жазып қалдыру. Кешегі күнсіз, бүгініміз жоқ, бүгініміз болмаса болашағымыз да жоқ. Тарихты тек бұрмаланған күйінде ғана білетін адамдардың бүгіні де, болашағы да бұрмаланған. Ондайлар үшін жаман жақсы болады, жаман дүниелер ондай адамның санасында үлгі алатын жақсы нәрсе болып қалады. Жамандық істері үшін жазаланбағандар  —  жақсылық пен қайырымдылыққа үйрететін ұстаздарға айналады…

Мұндай дүниелер қоғамның санасын өзгертеді. Бүгін осыны көріп отырмыз, барлық деңгейдегі  оншақты жылдар бойы жасалып келген жалғандықты көріп келеміз. Бізге өтірік айтып миымызды улап келгендер, сол баяғыша жалғандықпен бізді басқарып отыр. Осылай басқара бермек, солай бола береді, егер біздер ақиқатқа деген құқымызды жүзеге асырмасақ..  

 «Жаңаозен 2011» оқиғасын жұрт жақсы біледі, ол жан-жақты жазылған, айтылған, ол оқиға өзі жайлы айтылатын уақытты күтіп отыр, билік өзгерген соң қайта қаралып тиісті бағасын алар деп ойлайтын едім.

Бірақ..   Азаттық радиосының материалын көрдім, Әкежан Қажыгелдиннің сөзін тыңдағаннан кейін мынадай ой келді: біз өз «тарихымызды басқаша етіп көшіріп жазып жатқан» жоқпыз ба, сондай заманда өмір сүріп жатқан жоқпыз ба?  Мені мұндай ойға итерген мынадай белгі: Олар жаңаөзендік оқиғаларға байланысты «Алға» (ҚДТ) халық партиясын тіптен еске алмайды. Тіптен..

Әу, жігіттер, сендерге не болған? Мұндай ұмытшақтық, мұндай жадынан айрылу ненің белгісі? Сіздер қарсы күресіп жатқан биліктің өзі — «Алға» (ҚДТ) партиясының жаңаөзендік оқиғаларға қатысқандығына ең жоғары баға берді емес пе. Толық және өте жоғары баға берді: менің қылмыстық ісімде оның қызметіне 100 томнан артық арналған.  

Мен айыптылар орындығында Владимир Козлов ретіндегі жәй адам емес, «Алға» Халық партиясының жетекшісі ретінде отырдым, мені ғана емес, менің атымнан «Алға» партиясын соттады емес пе? Жаңаөзеннің мұнайшыларына бірнеше ай бойы қолдау көрсеткен «Алға» партиясының жетекшісі ретінде соттады. Маған айтыңыздаршы, «Жаңаөзен үшін» сотталған басқа партияны немесе қозғалысты айтыңыздаршы?  «Алғаны» соттап қана қойған жоқ, «Алғаны» сол кезде жаңаөзендіктерді қолдағаны үшін тиым салып жойып жіберді.

«Алға» партиясымен бірге соттан кейін артынша бірнеше БАҚ жойылды, КТК, Хабар сияқты Жаңаөзен жайлы материалдарды жариялап тұрғандығы үшін емес, Жаңаөзенде болған шындық пен ақиқатты айтқаны үшін жойды. Осы жойылған БАҚ-ң беттері мен бейнематериалдары арқылы жұртшылық ол жақта не болғанын біліп отырды. Осы жойылған БАҚ-ң журналистерін «табылмаған белгісіз бұзықтар» мен полиция  таяққа жығып кетті. Осы басылымдарды менің сотымнан кейін билік «Бірлескен Республика БАҚ» деп атап бір ғана сотпен, бір шешіммен жоқ қылды. Іздеп көріңіздерші, мұндай прецендент бұрын-соңды болмаған, оған дейін де, кейін де.  

 «К+» телеарнасы, сол кездегі Жаңаөзенде болған сұмдық оқиғалардың ақиқатын жеткізіп тұрған, Жаңаөзендегі жұмысшыларды қалай атқанын көрсеткен, жұртшылыққа жария еткен, осы бейнематериал бойынша баллистикалық сараптама жүргізді, кейін осы материалды 2012 жылы қаңтар айында Европарламентке апарып көрсеттім. Міне сол үшін осы телеарна жойылды, сол үшін.

Міне, осының барлығы тіптен де айтылған жоқ, не себептен? Бұл сұрақтарға жауапты Уақыт  деген мырза қайтаратын болады. Уақыт төреші. Енді қысқаша болса да сол оқиғалар жайлы, оның қатысушылары жайлы еске салайын. Кейбіреулердің жадында проблемалар бар сияқты.

«Алға» (ҚДТ) Халық партиясы Жаңаөзеннің мұнайшыларын олардың 2011 жылдың ақпан айында басталған кезінен бастап заңды әлеуметтік талаптары үшін қолдады. Оның аяғы желтоқсанда оларды атумен аяқталғанын білесіздер.

Бізді осы оқиғаға дейін жаңаөзендіктер бірнеше жыл бұрын білетін. Жаңаөзеннің мұнайшылары 2008 жылдан бастап жыл сайын ереуіл жасайтын. Ереуілшілер алаңға шыққан кезінде олар бізді шақырды, біз олармен кездесіп ереуіл алаңында әңгімелестік. Біз олармен әрқашан ашық түрде сөйлестік, олардың талабын түсінуге тырыстық, қалай немен көмектесе аламыз деп білмек болдық. Міне, сол сөздеріміздің барлығы менің қылмыстық ісімде тігілген. Біздің осы сөздерімізді сендер мұнайшыларға жүйелі түрде көмектесіп тұрдыңдар деп айыптауға пайдаланды.

Сөз арасында айта кетейін, біздің әр келуімізден кейін жұмыс берушілер шегінуге мәжбүр болып келісімге баратын болды, ереуіл тоқтайтын болды. Оны біздің жетістігіміз деп отырған жоқпын — билік ол кезде болуы мүмкін шиеленістерге  барғысы жоқ болатын.. Мұнан кейінгі жылдары билік жұмысшыларды алдай бастады, әлеуметтік жағдайларын нашарлатып қорлай берді. Сол себептен де ереуілдер  2011 жылға дейін жыл сайын өтетін болды..

2011 жылы Жаңаөзен мұнайшыларының ереуілі ақпанда басталды. Бірақ бұл жолы қамаулар жасалды, әуелі кәсіподақ жетекшілерін — Наталья Соколова мен Ақжанат Аминовты соттады. Наталья түрмеге қамалды, Ақжанаттың бостандығы шектелді. Содан соң барлығымыз жабылып Соколованы түрмеден сүйреп шығардық, бұл тақырып Европарламенттегі сөзіміздің бірнеше рет тақырыбы болды, мен тұтқындалған кезде Соколованың  қамалуы шартты түрде соттаумен ауыстырылды, сосын Соколованы маған қарсы айыптаушы етуге итерді.. бірақ бұл басқа әңгіме.  

Ереуіл заңсыз деп табылды, барлық ереуілшілерді, жалпы саны екі мыңға жуық адамды жұмысынан қуды. Міне, осы кезден бастап күрестің ең шиеленісті кезеңі басталады. Себебі жұмысшыларды жұмысынан ғана емес, күнкөріс мүмкіндігінен айырды…

Мамыр айының аяғында ереуілшілердің  делегаттары  Алматыдағы біздің офиске  ақпараттық және кеңестік ақыл алуға келді. Шынын айтсам, бұл жағдай мені аздап таңырқатты, себебі ереуілшілер ол кезде басқа оппозициялық партияның,  Болат Абилов басқаратын «Азаттың» мүшесі еді. Болат Абилов өзінің сол кезде ереуіл жасап жатқан Жаңаөзенге барғанын, ереуілшілердің барлығының өз партиясына мүше болғанын мақтанышпен айтатын…

Бірақ, біз бұл тақырыпта сұрақтар қойған да жоқпыз. Адамдар өз партиясына емес, «Алғаға» келіп көмек сұрады ма, оған өз негізі болған шығар. Оны ойлайтындай болған жоқпыз, адамдар қолдау сұрап келді. Ол кезде ереуіл туралы газеттерде жазылмайтын, жазған болса, мұнайшыларды  ақшаны миллиондап тапқанына қанағат тұтпай тағы да сұрай беретіндер деп өтірікті қосып жазатын. 

Жағдайды түсіну қажет болды, оның масштабын, біздің қатысу масштабымызды айқындау қажет. Алматыда мұнайшылар үшін баспасөз конференциясын ұйымдастырып сосын журналистерді, заңгерлер мен экономистерді ертіп Жаңаөзенге бардық. Міне осы кезден соң  ереуілшілерді үзбей қолдауымыз басталады.

Бұл жерде детальдарға барғым жоқ, оларды айтып жеткізуге көптеген парақтар керек. Қайталап айтайын, бұл жайлы менің ісіме тігілген 100 томда мұнайшыларға қалай көмектескеніміз жазылған.

Ең бастыларын ғана айтайын. Бізге әртүрлі пәлелерді жапсырмасын деген оймен, мәселені саясаттандырудан бірден бас тарттық. Міне, осындай жұмыс формуламыз қалай басталса, аяғына дейін осы бағыттан тайған жоқпыз: сендер ереуілшілер, не жасау қажеттігін, шешімдеріңді өздеріңіз жасайсыңдар. Біз сендерге кеңесшілерді береміз, олар сендердің сұрақтарыңа жауап береді, болды. Біз, «Алға» (ҚДТ) партиясы сендердің шешімдеріңді қарап шығамыз, сұраған қолдауларың мен өтініштеріңмен  келіссек қолымыздан келгенше көмектесеміз.

Ереуіл кезінде Жаңаөзенге Европарламенттің депутаттары келді. Осы кездесулерді ұйымдастыру, жариялау жұмыстарын атқаруда Европарламенттің «Ашық диалог» қоры жүргізді, қордың жетекшісі  Людмила Козловская үлкен еңбек жасады. Сонымен бірге қосымша көмек сұрап Мұқтар Әбләзовпен сөйлестік. Себебі кейбір жұмысынан айрылған мұнайшылардың күнкөрісі мен пәтерақысы, жалдық ақысы сияқты мәселелері болды… Біреулерге ипотекасын жабуға көмектестік, себебі банк үйіңді алып қоямын деген… Әртүрлі оқиғалар көп болды, Жаңаөзенде біздің қызметкерлеріміз тұрақты түрде болды, себебі кейбір мәселені дереу сол кезде шешу қажет, олар түскен ақпаратты сол жерде тексеріп, жан жақта болып жатқан оқиғалар мен хабарларды БАҚ-а беріп отырды….Ақтау мен Жаңаөзенде қолдау офистерін аштық, ол жерге ереуіл жайлы жазатын газеттерді жіберіп тұрдық, офиске кеңес, ақыл сұрауға адамдар келіп тұрады..Офистің жас қызметкерлерін, жас жігіттер мен қыздарды ұрып кетіп жүрді, травматикалық мылтықпен оқ атқан кезі болды.. «табылмаған белгісіз жандар». Міне, сол кездегі партия қызметкерлерінің атқарған мыңнан бірі болатын істерінің  аз ғана мысалдары осындай…

 «Жаңаөзен» — біздің партияны осы оқиға үшін өлтірді. Біз бұл жағдайды «ұмытуға» жол бермейміз, себебі олай ету ұятсыздық қана емес, бұл тарихты бұрмалау.

Біз, «Ашаршылықты» ұмытқымыз келеді, Елбасы қылмыскерлер деп атаған 1986 жылғы оқиғаны сипап қана айтқымыз келеді. Енді «Жаңаөзеннің » кезегі.. ме? Болмайды, болдырмаймыз.

«Жаңаөзне»  оқиғасының жүзден астам қылмыстық томдары, ондағы «тәртіпсіздіктер» мен «әлеуметтік араздықты қоздырулар» тақырыбы өз уақытын, өз бағасын күтіп отыр, мезгілі келгенде осы трагедияның шын айыпкерлері мен қылмыскерлері тиісті жазасын алатын уақыт алдымызда.

  Ұмытпаймыз, кешірмейміз.  

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.