Жиі талқыланатын тақырыптың бірі — қазақстандық әділеттің «ақ сотының»  қылмыскерді «таңдап» алатындығында. Мысалы еліміздегі бейресми деп саналатын толып жатқан қоғамдық бірлестіктердің көпшілігінің алдына қойған мақсат-міндеттері ұқсас — олар биліктің оппоненті. Бірақ солардың ішінен билік ерекше өздері «таңдап» алғандарды ғана жүйелі түрде қатаң қуғындайды. 

Бұл жерде мұндай «таңдаудың» себебі мен мақсатын бөлек-бөлек айтқан жөн болар. ҚДТ-ы қуғындаудың себебіне келер болсақ — Мұқтар Әбләзов. Билік үшін ең қауіпті, көп жылдар бойы қажымай, талмай Назарбаевтың диктаторлық режиміне оппонент болып келеді. 

Бұл жағдай сонау 2001 жылдан «бірінші ҚДТ-н» бері  бүгінге дейін жалғасып келеді. Билікті қолдайтындар, мейлі сауаттыларының өздерінің бұл мәселеге келгенде ойлау деңгейлері өте төмен, оларды — бір ағзалы деуге болады. 

Екі мыңыншы жылдардың бас кезінде өткен «Политонның» мәжілістерінің бірінде, танымал саяси сужұқбас, Назарбаевтың кеңесшісі Ертісбаев мырза ҚДТ-а деген биліктің өршеленген қарсылығын ағынан жарылып білдірмек болып мынадай сұрақ қойды: «… ал айтшы, сенің қожайының кім? Менің қожайыным — Назарбаев, ал сенің ше…?» Құл мен үй жануарларының ғана қожайындары болады деген түсініктен Ертісбаев  жұрдай екенін көрсетті. Міне, осындай адамдар біздің жүйеде өмір сүріп жатыр, олар өздерін осы жүйенің құлдарымыз деп санайды. 

ҚДТ жағдайына келер болсақ, Мұқтар Әбләзов осы қозғалысты басқарып отырған адам, оны жасырып та отырған жоқ. Ал енді биліктің қатал түрде қуғындап отырған «Көше партиясына» келер болсақ — бұл жерде жағдай тіптен басқаша. 

«Көше партиясының» артында ҚДТ немесе Әбләзов тұр деген дәлелдер тіптен жоқ. Иа, «Көше партиясы» ҚДТ қозғалысын «экстремистік» деп танылып тиым салынған соң дүниеге келді. Идеялары мен мақсаттары ұқсас деуге болады. Екеуі де бейбіт жолмен диктатураны ауыстыруды қалайды, адам құқын бұзушылықпен күресіп, саяси тұтқындарды босатуды талап етеді…

Оны айтасыз, кеше ғана президенттікке «бармақ» болған Әміржан Қосанов, Әбләзов сияқты «қашқын» саясаткерлер — Қажыгелдин мен Рысқалиевтардың қолдауымен дәл осындай ұрандармен сайлауға түскен жоқ емес пе… Бірақ, жоғарыда аталғандарды билік Әбләзов, ҚДТ немесе «Көше партиясы» сияқты қуғындап жатыр ма? 

Жанболат Мамай – күн сайын эфирге шығып отыр, болып жатқан оқиғаларға дереу саяси бағасын беріп, бейбіт наразылықтар жасауға шақырып отыр, демократиялық партияны екінші рет тіркеуге құжаттарын дайындап жатыр.. 

Тағы бір «саяси қашқын» Ермек Нарымбаев көпсағаттық, көп адам жинап Қажыгелдиннен сұқбат алып «zoom-конференциялар» өткізіп жатыр. Жиналғандар бейбіт жолмен диктатураны парламентаризмге ауыстыруды, «жалған сайлаудың» қажетсіздігін, көшеге шығып бейбіт наразылықтар жасауға шақыруда… 

Осындай жағдайды көріп,  жасалып жатқан қуғындаулардың себебін мынадан көргендей боламыз. Иа, ҚДТ — түсінікті. Оған балама жоқ. «Көше партиясының» қандай қатысы бар? Екеуін байланыстыратын ешқандай дәлел де, айғақ та көріп отырған жоқпыз. Мәселе менімше мынада: «Көше партиясы» Мұқтар Әбләзов пен ҚДТ-ы жамандамайды. Жамандамағаны — дос екендігінің белгісі. Билік үшін — дұшпанының досы, ол да дұшпан.

 Біз бұл жерде аталған кісілердің бірі Ақорданың өз адамы деуден аулақпыз. Әрине , біздің бұлай деуімізге дәлел керек. Бірақ,  біз Бас прокуратура емеспіз, ойдан құрастырылған айыпты  дәлел деп көрсететін.  Сондықтан да бұл айтқандарымызды дәлелдеуді «уақыт» деген мырзаға қалдырайық. Мезгілі келгенде уақыт бәрін өз орнына қойып береді. 

Бүгінгі қалыптасқан жағдайда осы айтылған ойларымыздың мақсатына келсек — режим өздері «таңдағандарды» қуғындап, басқаларды онша көрмеген болып отыр.

Мақсаты айқын — осы бір мақсат пен бір идеяның төңірегінде жүргендердің  бірігіп кету мүмкіндігін болдырмау, соның алдын алу. Әзірше билік өз дегенін жүзеге асыруда. Өкінішке қарай.. 

Бұл жағдай төңірегінде таусылмас пікірталастарға баруға болар.. Бірақ, оның қажеті де болмас, себебі бұл жағдайдың дамуы бар, жалғасы бар. 

Дұрысы — оған жауап берудің қажетсіздігі, үндемей қалу, дұрыс деп санайтын бастаған өз  ісіңді жалғастыра беру. Әрине, бұл қиын, бірақ ақылға қонымды, абыройлы, саяси дұрыс шешім. 

Мысалы, қазір өздерін «қуғындамай» отырғандарға  не себептен қуғындауға түсіп жатқандарға қолдау білдірмеске?  Жариялы түрде, жұртшылықтың алдында, іспен көрсетсе ше.. Сосын жиналып, бірлесіп іс-қимылдар жасауға келіссе, атап айтқанда «көшелік» жобаларды қозғасын, әрбір адам өзіне тиісті жауапкершілікті мойнына алса, өз бағасы, өзінің қосар үлесі болсын. 

Біз барлығымыз, бүгінгі режиммен келіспеушілер, әрқайсымыз әртүрліміз. Бірақ әрқайсымызда бәрімізге ортақ дүниелер бар, соның негізінде, соған сүйеніп, тіл тауып, көмектесіп алға жылжиық. Алдымызға қойған мақсатқа қарай. 

Қалған дүниелер, ортақ емес дүниелерді мақсатқа жеткен соң қарастырайық. Бізге үміт артып жолбасшы бол дегендердің үмітін үзбейік. Жалған серіктестер ұзақ жолға серік бола алмайды, олар жолда қалып қояды. Ең басты мәселе — бастау.. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.