Бүгін Адам құқын қорғайтын бюрода Евгений Жовтистің «Көше партиясына» сот шешімі бойынша тиым салынуына арналған виртуальды баспасөз конференциясы болып өтті. Баспасөз конференциясын бастау алдында оны жүргізуші Бюроның позициясымен жұртты таныстырды: адам құқығын және азаматтық, саяси құқықтарды  көпе-көрнеу дөрекі бұзу.

Конференцияға қатысқан «Көше партиясының» белсенділері Асхат Жексебаев пен Болат Смағұлов «Көше партиясының » тарихынан мағлұматтар берді және бұл ұйымды «құпия соттың» шешімімен жойғанға дейін және одан кейін болған оқиғалармен таныстырды.

 «Көше партиясы» қозғалысы 2020 жылдың ақпан айында дүниеге келді, 8 ақпанда оның құрылғаны жайлы жария етілді, 10 ақпанда алғашқы рет жұрт алдында өткізілген, жұртқа әйгілі болған чат  өтті. Бас прокуратура содан бері бұл чатқа қатысушыларды террорлық акті жасаушылар қатарына қосып, оңды-солды жұртшылықты қорқытып, қамап, қуғындап келеді.

Белсенділер өздерінің сөздерінде 2020 жылдың 28 сәуірінде партия құрмақшы ойларының болғанын айтып қажетті құжаттарды Әділет министрлігіне тапсырмақ ойлары болғанын айтты. Карантиннің аяқталуын күткен.

Құпия соттың қозғалысты жабу жөніндегі  шешімін олар заңсыз деп санайды (келісуге тұрарлық) , бұл шешімді адам құқығына, азаматтардың еркіндігі мен бостандығына қарсы жасалған агрессиялық шешім деп санайды. Олар сонымен бірге, соңғы кездері чатқа және «Көше партиясына» қатысқаны үшін көптеген азаматтарды жаппай қуғындаудың басталғанын айтып, осындай оқиғалар жөнінде хабарлауды, оған қарсы бірігіп күресуге шақырды.

 “Qaharman.kz” қоғамдық қорының атынан сөйлеген Дана Жанай, бұл жағдайды  «405 қозғалысымен» бірігіп күнделікті мониторлап отырғанын, сүйтіп адамдарға құқықтық қолдау жасап отырғанын хабарлады. Дананың айтуынша тек қана екі күннің ішінде азаматтарды «Көше партиясына қатысқаны үшін» 20-н астам полицейлік қуғындаулардың болғанын айтып берді. Полицейлердің сонымен бірге көптеген заң бұзушылықтарға орын беретіндігін айтты: шақыру қағазын келген кезінде қолына ұстата салады, тиісті деректерді толтырмайды және т. б. азаматтарды қорқытады. Соңғы бірнеше айдың өзінде үш азаматтық белсендінің өлімі болғанын да айтты.  Олар: Дулат Ағәділ, Аманбике Хайрулла және Серік Оразов. Үшеуінің өліміне де әртүрлі деңгейде құқық қорғау қызметкерлері кінәлі.

«Көше партиясының» мүддесін қорғаушы адвокат Ғалым Нұрпеисов, бұл мәселенің заңнамалық, концептуальдық, процессуальдық тұрғысынан  сот «жағының» дөрекі қателіктері мен заң бұзушылықтарын айтып берді:

—  интернет-ресурстағы «сот кабинетінде» «Көше партиясын»» жою жөніндегі соттың шешімі жоқ, бұл заңға қайшы, сондықтан да ол шешімнің заңдылығын тексеруге мүмкіндік болмай отыр. Апелляциялық шағымды сауатты және сапалы түрде беруге кедергі болып отыр;

— сот шешімін абсурдтық деуден басқа айтарымыз жоқ, себебі заңнамада «қозғалыс» деген дефиниция атымен жоқ, соған қарағанда сот ұйымды емес, аморфтық, ешқандай құрылымы, ұйымдық белгілері жоқ, Қазақстанның юрисдикциясына жатпайтын «бірнәрсені» жапқаны ғой;  

— заңнамалықта  «экстремизм» деген терминнің түсініктемесі жоқ,  «сарапшылардың» қорытындылары  саясатқа ауысады, сондықтан да оған саяси сипат беріп саяси негізбен қылмыстық іс қозғайды;

 — заңнамаларда бір ұйымның екінші ұйымға ауысуына («Көше партиясына» осыны келтіріп отыр) байланысты оған сәйкес келетін қылмыстық құрамда ештеңе жоқ. Тек қосылу, қайта құрылу деген сөз бар. Бірақ, ондай кезде бірі жоғалып екіншіге кіріп біреуі ғана қалады. Бұл жағдайда ҚДТ партиясы «Көше партиясына қосылған жоқ, өз бетінше жеке ұйым болып қалған.  Осыдан шығатын прокуратура тарапынан айтылып отырған айыптық термин — «ауысып кету, сіңіп кету» деген терминнің астарында заңнамалық емес, саяси зіл, басқа сөзбен айтар болсақ, азаматтарды қуғындау жатыр. Адвокат Нұрпеисов сонымен бірге сот, прокуратура, тергеу тарапынан жасалған процессуальдық дөрекі заң бұзушылықтарды айтты:

— «соттың»  «құпиялық» жағдайда өтуі, «Көше партиясының» жұртқа таныс қатысушылары сотқа шақырылмаған, ескертілмеген, олар бұл сотқа қатыспақ түгіл әлі күнге дейін сот шешімі жайлы еш ақпарат ала алмай отыр, сот шешімінің ең басты принципі — жариялылық жоқ;

— «сот» қорғаушыларсыз өтті, бұл да сот шешімінің  басты принципінің  бірі — айыптау мен қорғану бәсекелік жағдайда өтуі керек;

 Адвокат Нұрпеисовтің айтуы бойынша, әділ сот принциптерінің болмауы, оларды қасақана болдырмауы билік органдарының адам құқығына қарсы, азаматтардың бірігуге қарсы заңсыздығы, азаматтық және саяси құқықтарына жасалып отырған зорлығы болып табылады. Азаматтар бейресми түрде біріккен, ешқандай билікті «күштеп алу» мақсаты жоқ. Олар бар болғаны, өз көзқарастарын жұртшылыққа жеткізіп отыр, ал жұртшылық онымен келісе ме жоқ па, белгісіз.  Адвокат апелляциялық шағым түсіру қажет дейді, апелляциялық шағым 2020 жылдың 25 мамырында барлық тиісті шарттарды орындап тапсырылды, шағым тіркелді.

Адам құқын қорғаушылар БахытжанТөреғожина мен Маржан Аспандиярова сөйлеген сөздерінде «Көше партиясы» қоғамдық қозғалысын жою туралы сот шешіміне шағым жасаудың қажеттілігін айтты және де  «Көше партиясына» қатысушыларды қуғындап жатқаны жайлы өздеріне көптеген арыз-шағымдардың түсіп жатқанын айтты.

Олар Қазақстандағы биліктің адам құқын бұзушылыққа жол беріп отырғаны жайлы көптеген деректерді келтірді, атап айтқанда Қазақстан қол қойған Адам құқы мен азаматтық және саяси еркіндіктері жайлы Халықаралық Пактіні   бұзып отырғаны жайлы айтты.

Президент Тоқаев өз сөзінде  демократиялық реформаларды жүргізудің қажеттігін айтқанымен, іс жүзінде олар тек сөз болып қалды, бүгінгі жасалып жатқан заңсыздықтар оған куә деді. Ақпарат көздерінде жарнамаланып келген заңдарға өзгерістер енгіземіз дегені, атап айтқанда сайлау, партия, митингі жайлы заңдарға енгізілген «өзгерістер» шын мәнінде декорация. Бұл жайлы қазақстандық және халықаралық сарапшылар ашық айтып берді.  

Олардың пікірінше билік азаматтық жұртшылықпен диалогқа барғысы жоқ, оның орнына жалған Ұлттық Кеңесті халықаралық қауымдастыққа желеу етіп көрсетіп отыр.Құқық қорғаушылардың айтуынша, биліктің бұл әрекеті қоғамда басқаруға көнбейтін наразылықтарға әкеп соқтыруы мүмкін, сонда барлық кінәні  — өз азаматтарымен диалогқа бармаған қазақстандық билік арқалайтын болады.  

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.