Бірінен соң бірі, аз ғана күнде екі азаматтық белсенді — Азамат Байкенов пен Роман Рейхерттің үстінен сот болып өтті.  Біріншісі — Петропавлда, екіншісі — Ақтөбеде тұрады. 

Екеуін де біріктіретіні — ортақ азаматтық наразылық позициясы, ҚР-ң ҚК-ң ортақ 405-і саяси бабы, «тиым салынған ҚДТ партиясының идеясын қолдағаны үшін» (ол кезде «Көше партиясы» жабылмаған) және екеуіне бірдей үкім: бір жылға бас бостандығынан айыру. Үкімдердің осылай «бір стандартпен» дайындалуы, жоғарыдан түсіп жатқан «әділетті сотты» басқарушылардың тапсырмасы екені анық, олар — заңнан да биік, жоғарыда отырғандар. Жоғарыдан түсіп жатқан бұйрық бойынша — еркінен айырмайтын шешімдер шығарыңдар деген де тапсырма бар ма деп ойлаймыз, себебі қазір екінші президент  «реформалар» жүргізіп жатыр деген түсінікке кереғар болмасын дегені болар. Көбінесе осындай шешімдер шығарылғаннан соң істің айналасындағы әңгімелер тез басылады да сотталушы бір өзі қалады…

Бірақ шынтуайтына келер болсақ, «экстремизм» үшін сотталғандардың өмірі сол күннен бастап азаматтық белсенділік дегеннен ада болады. Атап айтқанда, оның негізгі адами құқықтары — жұмысқа тұру, жалақы алу, қамсыздану, банкілерден толыққанды қызмет алу, іскер болу, заңды тұлға ретінде тіркелу дегендерден айрылады.  

Тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етуден толық айырылады яғни отбасын, ата-анасын асырауға қолы қысқарады.. Осы орайда екінші президент Тоқаев бұл заңға (Сайлау, партия және митингілер туралы заңдар сияқты) декорациялық өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістерден келетін ешқандай пайда жоқ. Жапалақты таспен ұрсаң да, тасты жапалақпен ұрсаң да… айналып келгенде… сайлаушы (азаматтық қоғам) өледі…  

Тағы бір ерекшелігі — бұл сотталғандардың өмірінің жақсы-жаманы олардың үйіне күнде  келіп  (тәуліктің қалаған мезгілінде) тексеріп тұратын полицейдің көңіл-күйіне, жұмыс берушіге қоятын сұрақтарына байланысты.. Сотталғандар, сонымен бірге анда-санда полицей учаскесіне өздері келіп «өмірінің қалай өтіп жатқаны жайлы» есептер жазып тұрулары керек, арнаулы журналға «менімен тәрбиелік әңгімелер өткізілді» деп қол қойып отырулары тиіс…

Мұндай өмірді атқару оңай емес, әсіресе қолдаусыз, көмексіз, ағайын,  пікірлес, әріптес, қаламдас достарсыз қалғандарға қиын болады.  Сондықтан да осындай азаматтарды, белсенділерді ұмытпау керек.

Олар осы қозғалыстың алғашқы қарлығаштары..

Біріншісіз, екінші , олардың жалғастырушылары болуы мүмкін емес… 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.