Еліміздегі  «Көше партиясының » мүшелері,  биліктің өздеріне бағытталған саяси және соттың антидемократиялық тиым салуына  белсенді түрде қарсылық танытуда. 

Бұл нені білдіреді?  Адамдар әуелгі кезде ешқандай саяси идеялар үшін емес, ішкі сезімдік, танымдық пікірлері мен ұстанымдарын сыртқа шығарып, соларды жария еткен болса, енді сол ойлары мен идеяларының көпке ортақ екендігін көріп бірігіп жатыр. 

Адамдар «Көше партиясына» тиым салғанға дейін өздерінің азаматтық және саяси құқықтары үшін күресті, енді сол күресін жалғастырып жатыр. Бұл сөз жоқ, құптарлық және құрметтеуге тұрарлық тірлік. 

Бұл азаматтарға билік тарапынан, атап айтқанда,  полицейлердің  оларды жаппай жіті «назарға» алуы, қорқытуы, бас тартуға зорлауы, қылмыстық іс қозғаймын деп үркітулері  —  адам құқылары үшін күрескерлерге, азаматтық белсенділерге  қоғам тарапынан беріліп жатқан жоғары баға. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.