Жуық арада  үлкен бір оқиғаларды күтушілер осы төңірегінде сөз тарқатып жүр. Бүгін бір танымал журналист әйелмен сөйлескен едім, артынша тағы да сол тақырыпта бірнеше әңгіме естідім. Соған қарағанда желдің де, әңгіменің қай жақтан шығып жатқаны аңғарылады — полиция бүкіл ел төңірегінде ұйымдасқан, өзара үйлестірілген іс-қимылдар атқарып жатыр. 

Мәселенің төркіні «Көше партиясына» ауа бастады. Бұл жұмыс бүкілқазақстандық, ұлттық масштабта жасалып жатыр. Жақында ғана бір аудандық соттың «Көше» қозғалысын ҚДТ партиясына ұқсас деп «жойғаннан»   полицейлер инициативаны өз қолдарына алып көптеген азаматтардың соңына түсіп қуғындай бастады. 

Оған таң қалатын ештеңе жоқ, «Көше партиясының» белсенділерінің айтуынша «чатта» осы брендпен отырғандардың саны  170 мыңнан асатын көрінеді. Олар ешқандай жасырынып емес, атын, ойлары мен жоспарларын ашық айтып жүргендер. 

Бұл жерде «Көше партиясы» туралы айтар болсақ, бұл азаматтардың (ҚДТ-ы қолдаушылардың да) ойлары мен жоспарларында ешқандай Қылмыстық кодекске қарсы келетін түк те жоқ, билікке қарсы күш қолдану, билікті құлатуға шақыру, ешқандай араздықты қоздыру деген де жоқ. Бірақ, соған қарамастан, бірнеше соттар болды, прокурорлар сот шешімін көрсетіп ойдан шығарылған «экстремизмді» тауып, белгісіз «сарапшылардың» қорытындыларымен  жұртты қорқытып, үркітіп жатыр.

Азаматтарды  «әкімдіктерге шақырып», тергеушілердің шақыру қағаздарын жіберіп «қатыстың ба, мүшесісің бе, танисың ба» деген сұрақтармен мазаларын алып жатыр.  Олардың көпшілігі қатысушы, мүшесі  болмаса да тиым салынған чаттың тізімінде аты-жөндері шыққан. Танымайтын адамдарды біреулер өзінің чатына қосып алған, бұл тәжрибені кімдер, не үшін қолданып жатқандары түсініксіз, бұл тақырыпты  көптеген адамдар әртүрлі ресустарда талқылап жатыр. Осындай жолмен сенімсіздік туғызу, кімге пайда, кімге зиян..

Тергеушілердің кабинетінде болғандардың айтуларынша, осындай «қатыспағандар» көп дейді, олар осы кабинеттерде  тергеушінің сөзін қағазға түсіріп  «мені сыртымнан..», «білмеймін..», «қатысқаным жоқ..», «президенттің саясатын қолдаймын..», «жауапкершілікке тартуды.. сұраймын..» деген жазбалар қалдырып жатқан көрінеді. Бұл нағыз бассыздық, заңсыздық, адамдардың саяси және азаматтық  құқықтарын таптау болып табылады. Сөз бостандығына, басқаша пікір айтуға тиым салу. Бұл заңсыздықтар жайлы жария салынып, қоғамдық баға берілуі керек. 

Бүгінгі таңда болып жатқан осындай полицейлік оспадарсыздықтар мен заңсыздықтар кезінде Тоқаев  жұрт «асыға күткен»  «жаңа» заңдарға — Сайлау, Партиялар және Митингілер туралы заңдарға қол қойып жатыр…  Ал бұл заңдардың қалжыраған шалдың диктатурасын қолдап отырған  — тиым салатын, рұқсат етпейтін заңдар екені өзінен өзі көрініп тұр. 

«Тоқаевтың реформалары» дегеніміз — ешқандай мағынасы да, мәні жоқ жалған сөздер, «Көше партиясының» мүшелерін аулау — бүгінгі күннің шындығы.    

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.