Еленаны атқарып жатқан құқықтық қорғау қызметіне берілген жоғары бағамен құттықтаймыз. Елена Семенова  — құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген жүректі  қорғаушылардың бірі. Елена Қылмыстық атқару жүйесі комитеті (КУИС) саласындағы неше түрлі лас та, жымысқы арамзалықтардың бетін ашып, оларды барша халыққа таратып  келеді. Осы еңбектері үшін Елена  КУИС тарапынан (тапсырма сөз жоқ осы комитеттен түскені анық) тағы да жоғары бағаға ие болып отыр.

Біз Елена Семеноваға  байланысты  белгісіз автор дайындаған «еңбекке» баға беруден аулақпыз.  Бағалауға тұрмайтын «шимайлаулар».  Бұл материал  Семенованың  лагерьлерде болып әкімдіктердің  арамза істері мен жымысқы іс-қимылдарын әшкерелегеннен  кейін пайда болып отыр. Бұл нені білдіреді?  Құқық қорғаушының  өте шынайы да ақиқаттық істерді ашып жатқан жарқын істерінің айғағы. 

Жазылған материалға келетін болсақ, оның  онша құндылығы жоқ, көп сөздерден құрастырылған:  «.. ол жерде отырғандар — нағыз қылмыстардың көкесін жасаған,  арлан қылмыскерлер, …нағыз хайуандар.. олардың дастарханына алма, жемісті үйіп төгіп  беріп жатырмыз…»  Бұл сөздеріңізді осыдан 4-8 жылдар бұрын тыңдағандар болса сенген болар ма еді, қазір бұл өтіріктеріңе Құдай береке берсін, ешкім сенбейді. 

Көмек сұрап жатқан сотталушылардың жасаған қылмыстарының қандай бапқа жататындарын өте нақты және дәл айтып жазыпсыздар. Осыны айтып жұртты сендірмекшісіздер ме? Бұл — лагерь. Лагерьде тек қана қылмыскерлер отырады!  Болса ше?  Осы ма айтып отырған жаңалықтарыңыз? Олар немене, беріп жатқан қызыл уылдырықтарыңды қара уылдырыққа ауыстырыңдар деп талап қойып жатыр ма? Жоқ. Олар қылмыстық атқару кодексінде жазылған, орындалуға тиіс өз құқықтарының орындалуын ғана сұрайды. Себебі, олардың  да құқықтары бар. Олар орындалулары тиіс. Жазылған материалдың егжей-тегжейін айтып, оның бықсық сөздеріне тоқталмаймыз. Қандай мақсатпен жазылғандығын да айтпай-ақ қоялық. Ештеңені түсінбейтіндерге арналған, шынайы қарапайымдылықпен жазылған, жан сезімін тербететін баяндауды оқып көрелік. 

Шымкенттік Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері (бұл комиссияға сотталғандар сенбейді)  ауыздарынан түкіріктері шашырап Семенованың «өтірігін»жоққа  шығаруға  білек сыбанып кірісіпті. Бұл комиссияның мүшелері лагерьге «ешқандай ескертусіз» келіпті. Сүйтсе, түрмеліктердің асханасындағы аппақ дастарханында бәрі жайнап тұрыпты, ананас  пен алма, құс еті, үш мезгіл осындай тамақ береді екен. 

Өз басымнан кешкен бір жағдайды (Владимир Козлов — автордың ескертпесі)  айтайын. Бір жолы біздің «бір жүз үшінші» лагерьге «күтпеген жағдайда» Ұлттық превентивтік механизмнің» (Азап көрсетуге қарсы ұйым)  жігіттері «сау» ете қалды. Асханаға кіріп есікті аттаған кезде көзіміз ЕШҚАШАН көрмеген көрініске тап болдық. Үстел үсті аппақ дастархан жайылған, жайнап тұр, неше түрлі көкөністен жасалған салаттар мен тұздықтар…

«Тройка» лагерінен «бір жүз үшінші» лагерьге мен ауысқалы бері комиссияның алғаш рет келуі еді. Қасымдағы жігіттер айтып жатыр: апырай, Иваныч мынау сен келгеннен кейінгі бірінші жағдай, әйтпесе бұлай болуы мүмкін емес..  Айтып ауыз жиылған жоқ, келесі күні салаттар мен тұздықтар, аппақ дастархан т. б. «қашып» кетіпті. 

Бұл жерде бұл өтіріктің аржағында тұрған мәселе  мынада: Шымкенттік Қоғамдық бақылау комиссиясының «асырандылығында», бұл комиссияның мүшелері ешқашан  лагерьге әкімдіктің ескертуінсіз келе алмайды. Бұл комиссияның мүшелері Қылмыстық атқару кодексін оқымаған да болар, оқыған болса білер еді — олар әкімдікпен келіспей лагерьге кез келген уақытта келуге құқылары бар. Оны айтасыз, біздің елдің Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері әуелі еліміздегі бас құқық қорғаушы  — омбудсменнен рұқсат сұрайтын тәртіп орнатқан.   Омбудсменнен рұқсат алу оңай емес, лагерь әкімдігі комиссияны қабылдау үшін  дайындалуға уақыт сұрап, түрменің ішін «жалтыратып» болған соң ғана омбудсмен комиссияға лагерьге келуге рұқсат береді… Ал Қоғамдық бақылау комиссиясына келер болсақ, Қылмыстық атқару кодексінің 38 бабы 2 б.  сай лагерьдің немесе түрменің әкімдігін бір тәулік бұрын ескертуі тиіс…  Бірақ, іс жүзінде Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері әкімдік рұқсат бермейінше лагерьге кіре алмайды. Сондықтан да олар көп жағдайда лагерьге (түрмеге) кіруге ерекше ынталылық  білдіре бермейді.

Сөз соңында айтарымыз: Сотталушылардың құқын қорғаумен айналысып жүрген Елена Семенованы нәтижелі жұмысымен құттықтайтыз. Бұл нәтижелі жұмыс. Қылмыстық атқару жүйесіндегілердің  осыншама «әбігерленуі» — Е. Семенованың өз қызметін дұрыс бағытта атқарып жатқандығын көрсетеді. Сөз жоқ, бұл жоғары баға. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.