Бүгін Тоқаев митинг жайлы «жаңа» заңға қол қойды. Иа, сол баяғы еш мағынасы жоқ заң, бірақ «тоқаевшылдарға» ұнайтын заң.  Бұрын митинг сұраушыларға мына жерде тұрасың деп бір «қораны» белгілеп беріп келсе, енді бір емес үш «ат қорамен» жарылқап тастады, бұрын «рұқсат сұрайтын», енді «өтініш жазып, жауап күтесің» деп өзгертіп берді. Бұл заңды жоба кезінде  біз озық елдер қатарына кіреміз дейтін елдердің барлық сарапшылары мен құқық қорғаушылары әбден сынаған еді.

Бұл заң жайлы көп сөзді шығындап, айтып қажеті де жоқ. Болашақ ұрпақтың алдында бетіміздің қызарары анық. 

Кеше Киевте «орыстың реваншистік саясатына қарсы» жаппай бұқаралық митингі өтіп, украиндық ұлтшылдар Зеленскийдің саясатын айыптап көшеге шықты.  Мыңға жуық адам жалау, транспарантар, күшейткіштерімен Киевтің бас көшелерімен жүріп өтті. Сосын Грушевский көшесінде орналасқан Зеленскийдің үйінің алдына келіп қоршауларға өз ұрандары мен плакаттарын орналастырды. 

Жиналған жұртшылық дайындап келген сөздері мен ұрандарын айтып, сөз сөйлеп, файерлерін жақты..  Митингіге дейін де, ..кейін де полиция ешкімді ұстаған да жоқ, жақындаған да жоқ. Митингіні ұйымдастырушылар үкіметті ескертіп қойған, полиция наразылық білдірушілердің акциясының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп бақылап тұрды.  Егер де киевтіктерге «қаланың шетіне барып наразылық жасаңдар» деп айтар болса, олардың көңіл-күйін  айтып жеткізу мүмкін болмас…

Тоқаевтың реформалары жайлы айтпағымыз осы ғана. 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.