Тағы да ана жақтан, құлақ естіп, дауыстары жетпейтін, қараңғылық пен жамандықтың аймағынан көмек сұраған жанның дауысы бізге жетіп отыр. Ол жақты Қылмыстық атқару жүйесі деп атайды (КУИС), ол жақтың  «патшалығын»  — иығына погон таққандардың елі деп атайды. Ол «патшалық» адамдардың жанын да, жағын да сындыратын аяусыз малғұн басқарушылардың елі. 

Астын сызып айтайын — осындай бейнетаспаны жазып жіберген адамның жүректілігіне, батылдығына таң қаласың. Телефон тауып алу — лагерьде мүмкін болатын нәрсе, бұл мәселені оперлер мен күзетшілер өздері бақылауда ұстап отырады. Бұл мәселе олардың түрме ішіндегі «бизнесі» деуге болады: бүгін телефонды саған сатады, ақшасын алады (телефонды оған «сырттан» жеткізеді), ертеңіне өзі сол телефонды тінтіп қайтып (тартып алды дей беріңіз) алып қояды, сосын қайтадан сатады… Бір сөзбен айтқанда, телефон табу қиын емес.

 Ең қиыны — осылай тұрып бетіңді көрсетіп оқиғаны айтып жеткізу қиын, себебі келесі күні бұл бейнетаспа «сыртқа» шыққан соң, интернетке жайылып кеткен соң  «сарбаздар» жетіп келіп қан жоса етіп қырғынды салады…

Адамдар өздерін дұрыс тамақтандырмайтын жағдайларды айтумен шектелмейді (бұл қосымша тақырып), қалай өзін адам санына қоспайтынын,  арын, намысын таптап заңсыздықта қорлауды кешіп жатқанын айтады. Рас, олардың көпшілігі қылмыскерлер. Осы санатқа жатқызылғандар. Олардың әрқайсысы сот үкімімен сотталған — үкімде  жазасын қандай жағдайда, қанша уақыт өтеуі тиістігі жазылған, оның барлығы  нормативтік құжаттарда, қылмыстық атқару кодексінде, ІІМ бұйрығында да жазылған.  Олардың осы темір тордың аржағында күн сайын қандай жағдайды басынан кешіп жатқаны бұл құжаттарда жазылмаған.

«Өздеріне де сол керек, неге қылмыс жасайды» деуге де болар. Бірақ, солай дейтіндерге «ешқашан түрмеге түспеймін» деп уәде бере аласыңдар ма деп айтсақ не дер екен?

Міне, осы адамдар малғұндардан көмек сұрайды. Көмектесейік.  

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.