Еліміздегі құқық қорғау ұйымдары мен жеке азаматтардың жеке парақтарынан мынадай жағдайды аңғарып отырмыз. Полицейлерге жаппай «ұстаңдар!» деген бұйрық түскен сияқты. 

Астана қаласының Есіл аудандық сотының құпия шешімі бойынша аттары аталмаған «сарапшылар»  «Көше партиясы» деп аталатын қозғалысты тиым салынған»экстремистік»  ҚДТ партиясымен теңестіріп «көшеліктерді» де экстремистік деп «дәлелдепті». 

Иа, бұл екеуінің ұқсастығы байқалып тұр — екеуі де Назарбаевтың диктатурасын (Тоқаевтың артында тығылған), екеуі де бүгінгі өздерін билік деп атайтын Ақордада отырғандардың  бет пердесін жұртшылыққа ашып көрсетіп, мұндай билікті бейбіт жолмен ауыстыруды мақсат қояды. Түсінікті нәрсе ғой, мұндай арамза билік кімге керек, қашанғы көне бермек… Міне, ұқсастығы. Сондықтан да билік екеуіне де тиым салып отыр. 

Мұндай ұрандарды тек қана ҚДТ-шылар мен «көшеліктер» ғана емес, басқа да осындай алдына мақсат қойған ұйымдар мен тұлғалар да көптен бері айтып келеді емес пе? Біз бұл жерде олардың атын әдейі айтпай отырмыз, көп сөзге орын болмасын деп, бірақ осыдан-ақ байқап отырған жоқсыз ба, бұл жерде де ұқсастық көрініп тұр емес пе? 

Біздіңше,  ең басты ұқсастық билікте отырғандардың — «полицейлік-прокурорлық биліктің» таңдау көзінің кімге түсіп отырғандығында. Олар қолындағы заң деп аталатын шоқпарды  оңды-солты сілтеп жатқан жоқ, кімге сілтеуін біледі, біреулерді «байқамайды», біреулерге «сосын» деп қарайды, екіншілерге қорқыту үшін пайдаланады. 

Әзірше бұл әдіс жұмыс істеп тұр, бүгінгі билікке қарсы ұрандатып, елдің болашағы үшін деп тек сөзбен күресіп жүргендердің өзіне қауіпті күш емес екенін билік жақсы біледі… «Бізді қолдамайтындардың барлығы — бізге дұшпан» деген сөз бар. Бұл принцип парламентаризмнің ұстанымы емес. Нағыз парламентаризмде — қарсыластар ғана бар да, бірақ ешкім дұшпан емес. Себебі әрбір парияның, әрбір депутаттың артында тең құқылы (ең маңыздылығы осында) елдің азаматтары тұрады. Әртүрлі көзқарасты, алуан пікірлі азаматтар  — бірақ өз мүдделерімен. Осы азаматтардың мүдделерін қорғаушылар әрі тәжірибелі, әрі білікті болулары керек, себебі олар үшін Заң ғана басты, Заң ғана міндетті. Сөз басында айтқанымызға оралайын: Билікте отырғандар тиым салынған ҚДТ-н, құпия соттың шешімімен жабылған «Көше партиясымен» қанағатталмай отыр. Әлеуметтік желілердегі чаттарда отырғандардың әрқайсының үйіне барып (учаскелік полицейлер,  әкімдіктің, ҰҚК-ң, прокуратураның өкілдері т. б.) сот шешімін желеу етіп (ол шешімді ешкім көрмесе де) оларға ескертулер, «түсіндірулер», телефон соғушылар мен рейд жасаушылар… Осының барлығы не үшін жасалып отыр? Мұның барлығы — өздерін билікпіз деп санайтын билікте отырғандардың бірыңғай жоспарының бар екендігін көрсетеді.  

Олар бүгін ҚДТ мен «Көше партиясына» тиым салды, азаматтарға сөз бостандығына, өз пікірін айтуға, басқаша ойлауға тиым салып отыр. Осының барлығы Қазақстанның билігіне керек, билікте отырғандарға керек. Неге деген сұрақ қойылмасын дейді. 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.