Бүгін әлеуметтік желіде бір бейне ролик жарияланды. Бейне таспада Астана қаласының Есіл аудандық сотының қабылдайтын жерінде (Сауран көшесі, 32) бір топ жиналған азаматтарды көрсетті.

Адамдар сотқа келіп, өздері ақпараттан  хабардар болған «құпия сот» пен оның шешімі жайлы, бұл сотта белгісіз сарапшылардың қорытындысы бойынша  «Көше партиясын» экстремистік деп танып, тиым салынған ҚДТ партиясына қалайша қосқандығының жәй-жапсарын  білуге келген екен. 

Адамдарды таң қалдырғаны (жалпы заң нормаларына қайшы келетін нәрсе) —  құпия сот арқылы «ҚДТ-а» тиым салынды, «Көше партиясына» тиым салынды, шығарылған сот шешімі еш жерде жоқ, интернетте жоқ, ал 405 баппен осы екі құпия соттың шешімдерімен азаматтарды соттап, қамап жатыр…   Бұл қалай? 

Азаматтық белсенді  @Саида Мыңбаеваның тікелей эфирі   40 минутқа жуық созылды. Бірақ бұл уақыт аралығында белсенділер сот ішіне кіре алмады, ал басқа адамдарды сот приставы кіргізіп жатты. 

Эфир аяқталған кезде сот ғимаратына бірнеше автобус келіп ішінен шыққан полицейлер жиналғандарды сүйреп автобусқа қамап жатты…  

Объективті түрде ойлайтын болсақ, сот сыртында тұрған бірнеше адам Қазақстандық заң нормаларын ешқандай бұзған жоқ; қолдарында еш плакаттары жоқ, ешқандай ұранды сөздерді айтқан да жоқ, ешкімнің ғимаратқа кіруіне кедергі жасаған жоқ… Олардың талабы: іштен соттың бір өкілі шығып адам құқығына қатысы бар «құпия сот» шешіміне байланысты түсініктеме берсін дегені. 

Қазақстандық полицияның «ұстаңдар, қамаңдар!» сипатындағы тағы бір топастығы мен байбаламдық  іс-қимылына, баяғыдан бері куә болып келе жатқан, қазақ полициясының абыройсыздығына (ешқашан болмаған)  куә болдық… 

Бұл жағдайға байланысты жариямызды тоқтатпаймыз, осы орайда азаматтық белсенділерге айтарымыз: Тікелей эфирге шыққан кездеріңізде бейне кеңістігінде кім, қашан, қандай жерде, не болып жатыр, мәселенің әлқиссасын айтуды ұмытпаңыз. 

Мақсат — эфирді көрушілер нақты шұғыл ақпарат  алсын, сізге жақтаушыларыңыз бен құқық қорғаушыларыңызға тез қимыл жасауға, көмекке тез келуі тұрғысынан қажет нәрселер. 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.