Осыдан бір екі күн бұрын екінші президент Тоқаев Ресейдің кейбір ұсыныстарымен, атап айтқанда Евразиялық экономикалық одақтағы «бірлесіп жұмыс атқару»  ұсыныстарымен «келіспейтіндігін білдірген еді.  Қазақстандықтар  өзінің бұл одақта бишаралық вассалдық рольде екенін жақсы біледі, бұл одақтың заңын халық «тайгалық» дейді, ал тайгадағы қожайын орыстың аюы екені баяғыдан белгілі.

Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан бұл одаққа қырын қарай бастады, бишаралық рольден кетуге бет бұрды дей қоятындай ештеңе де болған жоқ. Мұндай «аунап түсу» бірден бола қоймайды, Ресей сияқты мықты диктатуралық ел, диктаторлығын әлемге танытып отырған басшысы бар ел қазақтарды уысынан шығара қоймасы анық. 

Біздің пайымдауымызша Қазақстан аз-кем «мінез» көрсетіп Ресеймен саудаласпақ ойы бар, бірақ бәрібір мұндай саудаласудың нәтижесі Қазақстанға, оның азаматтарына  пайда әкелмесі анық.  Ресеймен жасалған бұл одақты әу бастан сол кез үшін де, болашақ үшін де қауіпті екендігін азаматтық қоғам да, оппозиция да зарлап айтқан болатын. Содан бері бірнеше жыл өтті, біздің пессимистік тұрғыда айтқан болжамдарымыз бүгінгі болған жағдайлармен салыстырғанда шүкіршілік екен. Бұл одақтан Қазақстан бұл одақтан енді шыға алмайтын халге түсіп бара жатыр, «мүйіз сұраймын» деп барып, түгел жұтылып кетпесе болар еді… 

Евразиялық одақ ғана Қазақстанды сорлатып, қорлап, бишара етіп  отырған жоқ. «Байқоңыр» деген ғарыш айлағы бар Ресейдің, ондаған жылдар бойы Ресей деген «қожайын»  қазақстандық құлдарын  яғни осы жердегі жергіліктілерді малайша жұмсап, айтқанын істетіп қорлықта ұстап келеді. Осындай қорлықпен өскен екі ұрпақ осы жерде тұрып жатыр…

 «… Байқоңыр»  кешені — Ресейдің Қазақстаннан жалға алып отырған аймағы. Бұл жерде космодром және Байқоңыр қаласы орналасқан. Байқоңыр қаласы Ресейдің юрисдикциясының қарамағында. Қалада Ресей президенті тағайындайтын (Қазақстан президентінің келісімімен) ресейлік атқару органы — әкімдігі қызмет атқарады. Қалада 77 мың адам тұрады. Қала мен космодромдағы тәртіпті мыңға жуық ресейлік полицейлер атқарады…» 

Байқоңырда ресейлік емес ештеңе жоқ: жалақы, дүкендер рубльмен есептеседі, қазақ мектептерінде қазақ және ресейлік балаларды орысша оқытады, ресейлік әнұранды шырқайды.. Қазақстанның азаматтарына деген көзқарас ресейлік — ең жағымсыз, шовинистік мағынада. 

Сонау 2011 жылдардың өзінде Байқоңырда қазақ жастары мен полицияның арасында қақтығыстардың болып тұратындығы жайлы жазылатын. «Тақыр» деген жерде ресейлік ракеталар ұшқан сайын адамдарды подвалға айдап тығатындығы жайлы жазылып келді. Одан соң құлаған ракеталар мен улы гептилдің қазақ жеріне төгіліп шашылып жатқандығы жайлы да үлкен дау-жанжал болды. Ол аз дегендей бір Қазақстанның азаматын Байқоңырдағы «ресейлік режимді» жамандап жаздың деп соттаған да жағдай болды…

Байқоңырды «орыстың жері» деп санайтындар әрқашан, осындай дау, жанжал, қақтығыстар болған кезде  «судан таза» болып шыға келеді де, қазақтар жағы кінәлі болып шығады. Ұсталғандар таяққа соғылады, айыпталады, сотталады. Ресейліктер айыпты болыпты дегенді ешқашан естіген емеспіз. Кеше әлеуметтік желіде бір ақпарат таратылды, сурет және бейнетаспалар… Бұл ақпарат Қазақстан билігі жағынан түскен жоқ; Жалпы айтқанда, Байқоңырда қазақстандық билік бар деп те айта алмаймыз, ол жерде тек қана (!) ресейлік мүдде  қорғалады. «Фас!» деген бұйрық түссе болды.. Таяқ жегендер күнәлі болады, қылмыскерлер айыптаушы болады…  Қазақстандық шындық дегеніміз осы…

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.