Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Бобровка селосының азаматтық белсендісі Серік Идырышевтің достары Серікті қолдауға тергеу изоляторына келді. Серік ҚР ҚК-ң 405-і «экстремистік» бабы бойынша  «ҚДТ идеяларын насихаттағаны үшін» бір жылға бас еркіндігінен айырылып әлеуметтік желіні пайдалануғы тиым салынған болатын.   

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай полицияның ұсынысымен сот оның өтелмеген 9 айлық жазасын түрмеде отырып атқарсын деп шешім шығарды. Серіктің кінәсі — елімізде болып жатқан оқиғаларға өз пікірін айтқаны, Дулат Ағәділдің өліміне және өлгеніне 40 күн болғанына байланысты тікелей эфирге шығып ойларын жұртқа жеткізгені… 

Серік Ыдырышев қаладан алыс шалғай түкпірде тұрғанына қарамастан, өзінің нағыз азамат екендігін танытты, кейбіреулер сияқты диванда жатып әдемі сөз айтушы емес, нағыз азамат, нағыз батырлық мінез танытқаны жайлы достары жұртқа жария етті. 

Серік жайлы айтылған бұл сөздерге біз де қосыламыз. Серік сияқты азаматтар көбейіп жатыр, жақында біз 69 жастағы ақсақал, азаматтық белсенді Серік Оразовтың соңына полицейлердің  түсіп қуғындауының нәтижесінде, жүрегіне зақым түсіп өлгенін жазған едік.  Осындай азаматтардың қатары күннен күнге көбейіп келеді. 

Әзірше Серік Ыдырышевті еркінен айыру жөніндегі үкім өз күшіне енген жоқ, Серіктің қорғаушылары апелляциялық шағым түсірді. Ол шағымның қаралуын және нәтижесін Өскеменнің тергеу изоляторында күтіп жатыр. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.