Макс Боқаевқа қарсы арандату болмақ екен деген хабар бекерден бекер емес. «Үштікте»  яғни Петропавлдағы ЕС164/3 мекемесінде болғандар жақсы біледі, бұл мекеменің қандай режим екенін. Макстың үстінен түсіп жатқан «баяндаулар» (білдірістер) — түрме әкімдігінің ежелден пайдаланатын механизмы. Түрме әкімдігі сотталғандарға бірінің үстінен бірі «білдірістер» жазуға мәжбүрлеп, оларды бір біріне айдап салады. Түрмелік режимнің субмәдениеті бойынша, лагерьлерде, оның ішінде осы «үштікте» мұндай білдірістер жәй қағаз болып саналады, «онда тұрған ештеңе жоқ» яғни сұранысы жоқ қағаздар-мыс деп жазуға мәжбүрлейді. 

Қарапайым сотталған адамдарды ұрып, соғу, азаптау  арқылы жаздырады, маған басқаша жол іздеп жаздырмақ болды, Макске де осындай әдіс қолданған болса керек. Мұндай «білдірістерді» жазудан бас тартқан кезімде маған завхоз: «..Иваныч, әрине жазбағаның үшін сені ұрудан қаймығар, бірақ сен үшін барлық отрядтың сілесін қатырады: отрядты жұмысқа айдайды, шмон, тексерулерді күндіз-түні жасалатын болады. Әр кезде сені көрсетіп: «анау адамның білдіріс жазудан бас тартқандығы үшін»…» деп сен үшін бүкіл отрядты қарсы қояды.

Сосын маған бірнеше сотталушы келіп: «.. Иваныч, біз өзіміз саған кім туралы, не туралы жжазуды айтамыз… бас тартпа, әйтпесе әңгір-таяқ басымыздан кетпейді…» Бұл жайлы менің кітабымда толық жазылған…

 Сондықтан да бұл жасалайын деп жатқан арандату — нағыз мақтабастардың тірлігі. Макс Боқаевтың абыройын  бұндай арзан тірлікпен төге алмайсыңдар, малғұндар.  

Владимир Козловтың кітабынан:

Барлығын сырттан қарап бақылап тұрмын. Сырттан қараған адамға көп ұзамай бітетін қызық ойын сияқты. Жоқ, бұл ойын емес.  Адамдар ма, қуыршақтар ма деген ой келеді. Маған ешкім қарамайды – болмайды, бір біріне де қарауға болмайды – тиым салынған, бір біріне сөйлемейді – тиым. «Дәретханаға рұқсат па өтуге!!!»… Рұқсат па…!!! Бақылаушы, завхоз, завхоздың орынбасары басын изеп рұқсат етіп жатыр.

Егер біреу ұмыта қалса – «Тез кел, сука!!!» Тіпті екі метр жерге бару үшін, рұқсат керек. Завхоздың қасынан рұқсатсыз өттің, бітті». «Тез қайт!» «Кешке танысасың! Бля-я-я… Не деуге болады. Кішкентай ғана қателікке бола карантиншілер мен қамақтағылар бір біріне баяндау хат жазады. Жаңағы «кешке танысасың» дегендері сол екен. Бұл жөнінен жоспар беріледі, әр адамға  күніне кем дегенде бес баяндау хат жазуың керек. Завхоздың түсіндіруі бойынша ол қағаздар әзірше  есепке алынбайды, әбден үйреніскенше қажет… Ехарный бабай… Осылай  хат жазып тәрбиелейсің, ертең лагерьге (баракқа) «көтерілген» (мұнда отрядқа дейді)  қажет болады… осындай тәжірибе..

Карантиндегі таңертеңгі, кешкі, ұйықтар алдындағы тексерулер барактың қасындағы өз «локалкасында» өтеді. Қатарға тұрамыз. Завхоз барлығының формамен шығуын қадағалайды, кейбіреулер «карантин» деген байлауды тағуды ұмытып кетеді, ұмытқандар кешке онымен «танысады».

Байлау мәселесі нағыз бәле. Көшеден келіп ұмытып кетсең, бушлаттың жеңінде қалып қояды, түсіп қалып жоғалтсаң, ережені бұзғаның, баяндау хат жазылады, «кешке танысасың». Бушлаттың жеңінде қалып қойған байлауды көрген «карантинші» бушлаттың төс белгісіне қарайды, ол жерде адамның аты-жөні жазылған. Біреудің қателігі – басқаға қуаныш. Себебі күніне бес адамға баяндау хат жазуың керек. Орындамағаның үшін завхоз немесе оның орынбасары сенімен кочегаркада сөйлеседі. Әрбір «карантинші» күн сайын өзі сияқты бес адамды «атып өлтіруі» тиіс. Міне, ең басты мәселе осы.

Бұл жөнінде маған жеңілдеу болды, менің мәртебемнің белгісіздігін пайдаланып завхозға бұл дәстүрмен келіспейтінімді білдірдім. Ол тиісінше әрі қарай хабарлаған болса керек, менен бұл талапты басқалар сияқты талап етпейтін болды. Тройкада болған мерзімді уақытымда бірде бір рет өзім көрген, анықтаған басқаның үстіне баяндау хат жазған емеспін. Бірақ тіпті жазбадым деп айта алмаймын, жаздым. Завхоз пәленшенің үстінен жазбасаң өзім жазаланамын деген кезде жазуға тура келді.

Әрине, завхоз нағыз белсенді адам, жоқ жазбаймын, алатын жазаңды ала бер деуге болар еді.. Біріншіден, мұндай жағдай бітпей қалмайды, арандатулар болуы мүмкін. Арандатулардың аяғы неше түрлі салдарға апаруы мүмкін. Екіншіден, адамгершілік  жағынан, егер завхоз адамгершілікпен сұраса, менің де оған адамгершілікпен қарауға тиіспін ғой.

Мұндай жағдайларда маған ереже бұзушыларды «белсенділердің» өздері алып келеді, завхоздың тапсырмасы бойынша. «… міне Иваныч, пәленше мынадай ереже бұзған. Сіздің оған жазатыныңызды біледі, оған кім жазса да бәрібір…». Ол адамды тауып өзімен сөйлесемін, иа солай деп растайды, көп жағдайда өзі өтініш айтып: «Иваныч, басқа адам жазғанша өзің жазшы, бәрібір жазады. Әйтпесе түймедей нәрсені түйедей етеді…». Жазасың. 

Бұл баяндау хаттар түсініктеме түрінде жазылады, мекеме бастығының атына. Юстиция подполковнигі пәленше пәленшеұлына, сотталған пәленшеден, бабы мынадай мерзімі пәлен уақыттан түген уақытқа дейін. Сіздің қаперіңізге, пәлен уақытта пәленшенің мынадай ережені бұзғаны анықталған болатын (бұл жерде «мен анықтадым» деп жазылуы тиіс, бірақ мен ешқашан олай жазған емеспін)… Сөз соңында пәленшеге жаза қолданылмауын сұраймын, оның орнына профилактикалық әңгімемен шектелуін сұраймын деп жазамын. Осы тәртіпті карантиннан бастап қалыпқа алдым.  Ең болмаса күніне бір баяндау хат жазшы деп те сұрады. Соңғы бес күнде бірде біреуін жазбадым. Берік басын шайқайды да қояды. Сірә оған осындай жеңілдік жасауға рұқсат берілген болса керек…

Тексеру кезінде ескертпе алудың ондаған түрлері бар; тік тұрған жоқсың, жағаңнан шарфың көрініп тұр, шәпкіңді дұрыс кимедің, далада шәпкіңді шештің, аяқкиімің таза емес, штаның жыртылған, бушлаттағы жапсырманың жібі тарқатылып кеткен, қалтаңда түйіршіктер шықты… «Тройкада» сотталған адамға ереже бұзбау, ескертпе алмау, жаза алмау мүмкін емес…

Қатарда тұрмыз. Бір адам шәпкісін киіп алыпты – «кешке танысасың». Болмайды. «Бір мезгілде шәпкілеріңді киіңдер!» деген кезде ғана бір мезгілде киесің. Біреу киіп алған соң оны жөндеп жатты. Жоқ болмайды. Қалай кидің сол қалпыңда қозғалмайсың,  «Шәпкілерді дұрыстаңдар!» деген соң барып жөндеп киеді. Күттік, жөндеп кидік. «Отряд, колоннамен бір-бірлеп солдан жүгір…» Бір адам жүгіре жөнелді – «Кешке танысасың. «…жүгір» деген сөзден соң басыңды еңкейтіп суға қарғуға дайындалғандай, қолыңды шынтақтың тұсына көтеріп, жұдырығыңды кеудеңе қойып «марш!» деген сөзді күтесің. Завхоз «жүгір» деген сөзді айтпас бұрын он секундтай пауза жасайды. Кейбіреулер алға еңкейемін деп тепе-теңдігін жоғалтып алады – «Кешке танысасың!»… «Марш!» бір бірлеп солға жүгіріп кеттік…

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.