ФЕЙСБУКТЫҢ бүгінгі «ленталар жаңалығына» көз жүгіртсек, Қазақстандағы билік тарапынан азаматтық белсенділерге қарсы жасалып жатқан адам құқығын бұзушылықтардың көп екендігін көріп отырмыз.

Хабарлардың көптігі сонша, олардан цитата жұлып келтіру мүмкін емес, олардың әрқайсысы назар аударуды талап етеді; сілтемелер арқылы оқып көз салып көріңізші — оларды бүгінгі Қазақстанның  айнасы, «наразылықтардың картасы» деуге болады. Наразылық бір жерде былай, бір жерде олай, арасынан «басқа Қазақстанға» бастап  келе жатқандар мен кеудесін «оққа» тосып жүргендерді көруге болады…

Белгілі адвокат, танымал комиссиялардың мүшесі @Виталий Воронов,  тағы бір танымал құқық қорғаушы Жеміс Тұрмағамбетова екеуі  «..таратқаны үшін..» деген айыппен тұтқындалған азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшевтің жазасын өзгерту жайлы өтініш жазған болатын. Воронов өзінің желідегі жазбасында оның өтінішіне жауап та бермеген жоғары инстанцияларға өкпесін жазыпты. Тоқаевқа жазған хатында Воронов «Сіз менің хатыма жауап бермедіңіз, олай болса мені президенттің қасындағы комиссияның «құрметті мүшелігінен» шығарыңыз» депті…

LyudmilaKozlovska  MaksymSytnikov  Дана Жанай  Aigul Pavel Qaharmankz  Аня Шукеева  … осы аттары аталған сілтемелерге кіріп көріңіз: ондаған азаматтық белсенділердің тек қана өз пікірін айтқаны және қорғағаны үшін, өлген белсендінің ісі тексерілсін, айыптылар жазалансын деп талап еткені үшін оларды полиция қуғындап жатыр. Тағы бір жаңалық — кеше 19 мамыр күні Астананың бір аудандық соты «КӨШЕ партиясын» ҚДТ-н теңестіріп «экстремистік» деп атап оған тиым салыпты.

Біз осылай олардың өз сөзімен, стиліне сай оқудың өзі құлаққа жағымсыз сорақы болса да осылай жазып отырмыз. Осындай надандық, тіпті топастық деуге болар, сорақылық 2002 жылдары ҚДТ-н де болған еді. Ол кезде тиым салған астаналық сот емес, түкпірде жатқан Атыраудың бір соты болған-тын. Сосын бізге төрт рет тиым салды. Тиымдары жүзеге асты ма? Жоқ, әрине. Біз сияқты өзіндік пікірі бар, оны жұрт алдында айтатындар, сол үшін қамалуға дайындар — әрқашан болған, болып келеді, бола береді.  

16 мамырда біздің  азаматтық белсенділерді қорғайтын, өз құқыларын қорғап жүргендерге көмектесіп келе жатқан  www.kuresker.org, сайтын жапты. Қазақстанның аймағында бұл сайтқа әзірше VPN қолдану арқылы кіруге болады. Бірақ, біз сіздермен бірге болып келеміз,  Осы жерде Фейсбуктың  kuresker.org бетінде біргеміз; барлық материалдарымызды осы жерден оқи аласыз.  

Біздерге тиым салып, қуғындап, «сөндіріп», өлтіріп, қамап, аузына қақпақ қоюшылардың арамза іс-қимылдары сорақылыққа толы, заңсыз. Жымысқы арамзалығынан да, олардың қорқақтығын айтсайшы. Әйтпесе,  сайтты бұғаттау құқы бар бірде бір мемлекеттік ұйым менің оған қатысым жоқ деп айтуға бата алмауы, үнсіздігі  қорқақтық емей немене?!.

Сайтымызды бұғаттауға байланысты үнсіздік — Қазақстанда демократияның иісі де жоқ екендігін, ешқандай «демократиялық реформалардың» болуы мүмкін емесітігінің дәлелі. Демократиялық өзгерістер бола қалса, «төменнен» ғана басталады, бейбіт түрде, бірақ ешкімді мүсіркемейді…

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.