Берген уәдеміз бойынша — «Ақсудағы  мылтық ату оқиғасы» жайлы.

Бұл өңірде екі ГРЭС бар: Ақсу және Екібастұз. Екеуі де көмірмен жұмыс істейді, қалдықтарын «Қарасор» деп аталатын техникалық көлге құяды. 

Мұндай көлдерді «қалдықкөлдер» деп атайды — осыған ұқсас көлдер көптеген өндіріс мекемелерінде бар, олар сұйық қалдықтарын осындай көлдерге құймастан басқа амалы жоқ. Ол үшін жақын жерден үлкен көлемді апан қазып, экологияға деп басын қатырмай  сұмдық бәлелерін сол жерге төге береді. 

Айта кетейік — мұндай көлдердің экологияға деген зияны орасан: құйын жел қалдықтарды үйіріп алып даламен ұзақ жерге апарады, шаң-тозаң болып түскен қалдықтар сол аймақтың ашық суын да, жер астындағы суларын да бүлдіріп аймақта жайылып жүрген малдың ішіне, ол арқылы адам организміне түседі… Бұл мәселенің өте маңызды жағы.. ол жайлы кейін..

Осындай көлдердің бетінде жұп-жұқа қабыршақ пайда болады, оны «микросфера» деп атайды, бұл қабыршақтың ішінде көмірді жаққан кезде пайда болатын құнды бағалы заттардың тұнбалары жиналады. Жаңағы аталған «микросфера» ондаған жылдар бойы осы батпақтың бетінде шіріп жатқан болатын. Жақында ғана шетелде осы батпақтан өте сирек және құнды элементтерді сүзіп алудың өндірістік технологиясы, атап айтқанда -алтын тапқан.   Осыдан соң, басталды… 

 «Микросфераны» сатып аламын деген тұтынушылары табылды, бірақ олар айтты, тазартылған түрінде, қапталған және үлкен партиямен аламыз деді.  Мұндай сасық көлден «тауарлы өнім» алу оңай емес, оған көп адамның ауыр қол жұмысы қажет. Сасыған көлден сасыған батпақты жинау, сосын мұқият жуу арқылы ғана «микросфераның» грамдаған өнімін жинайсың, сосын бұл грамдарды қапқа саласың… 

Айтып ауыз жиылған жоқ (түсінікті ғой), сол заматта «Металлогамма» деген ЖШС пайда болды. Қапталған  «микросферасын» теруге міндеттеме алып пайдаға кенеле бастады (500 қабы 5 млн теңгеге жақын ақша тұрады). 

Бірақ, «көлдің қапталған байлығы» мен оны дайындайтындардың аралығында біреулер тұруы керек қой, ең бастысы — бұл азапты еңбекке тиісті түрде мол ақша төлеу қажет. Бірақ, оны дайындаушыларға мол ақша төлеген сайын «Металлогамманың» қожайындарына пайда аз түседі емес пе. Бұл дұрыс емес деп шешті «Металлогамманың» қожайындары, сүйтті де басқа жолмен кетті. 

Бұл жерде ерекше айта кететін нәрсе — көл де, оның батпақ жинайтын салалары да ГРЭС-ң қарамағында, жер иеленушілер де солар. ГРЭС «Металлогаммамен» немесе басқа біреумен келісім-шартқа отырады, «микросфераны» теруге.  ГРЭС  «Металлогамманың» жұмысына араласпайды, батпақты жинап жатқан өзі ме, әлде басқа біреулер ме. Батпақты жинауға «эксклюзивтік құқы» кімге берілген, ол жағы ГРЭС-ң басын ауыртпайды.

Әрине, мұндай болған соң басқа да сатып алушылар пайда болады, арасында делдалдар кірісіп батпақ жинаушыларға қымбат төлеушілер шығады. Батпақ жинаушылар қаптарын көтеріп соларға апарады… Батпақ жинаушылар ауыл тұрғындары, ауылда жұмыс жоқ, көпшілігі оралмандар, жұмыссыздар, отбасы мен бала-шағасын асырау керек..

  «Металогамма» серіктестігі не істеді, олай-бұлай калькуляторға салып есептеді, туыстық-жақындық  жағын да тексеріп бұл нарық кеңістігін бір өзіне бағындырудың жолын тапты. ЖШС  аймақтың полиция басшылығын бұл іске қосып алды,  енді  жаңа схема арқылы «батпақ өндіруді» уысында ұстаудың әдісін тапты. 

Көлден басталатын жолдарда түсініксіз полицейлік бекеттер пайда бола бастады. Киімдері әртүрлі, шорты киген, автоматтармен қаруланған,  полицейлердің іссапарға жұмсаған адамдары болса керек.. Олар батпақ тасушыларды  «тоқтатып» жүктерге қажетті құжаттарды тексереді. «Батпақшылардың» құжаттарының болмауы табиғи нәрсе, себебі «батпақтың қожайыны» мен оны қазып жатқан және сатып жатқан тұлғалардың арасында ешқандай азаматтық-құқылық қатынастар жоқ. 

«Құжаттарың жоқ болса, онда «ағайынгершілікпен» мәселені шешіп береміз»  (әр машинаға бір миллион теңге) деген ұсыныс түседі, «әйтпесе қылмыстық іс қозғаймыз».  Төлемесе жүк тұтқындалады, «Металлогамма» ЖШС-н ұрланған тауар өнімі деп іс қозғалады. Ұсталған өнім ұрланған болып іске тігіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, «Металлогамма» серіктестігінің көлдің батпағына айрықша қожалығы жоқ. Ол батпақ сататын көп серіктестіктердің бірі. Полицияға ұрланған батпақ жайлы ең көп арыз түсіріп жатқан серіктестік — «Металлогамма», ал полиция ол арыздарды тексеріп немесе кім не ұрлап жатыр деп іс қозғамайды.  Міне, қызық жағдай! 

 

Тағы бір қызық жеріне қараңыздар. Полиция адамдарды қорқытып отыр. Адамдар қорыққанынан батпақты  жинамай қойса не болады? Полицияның ақша табу схемасы құлайды — себебі өнім болмайды. Өнім болмаған соң, «микросфера» өндірілмейтін болады. Сондықтан да мақсат басқа. Жиналып қалған «қылмыстық істерді» қоздырады, бірақ та «қылмыскерлер табылмайды да», өнімді ұрлаған белгісіз біреулер табылмады деп істі жаба салады.  Көріп отырсыздар ғой, полицияға ешқандай соттың керегі жоқ, тұтқындалған «өнім» кәмпескеленеді де заң жолымен сатылады, «Металлогаммаға» тиімді емес. 

Мәселенің ең «мықты» жері мынада: «тұтқындалған» «микросфераны» полиция сол баяғы серіктестікке «жауапсыз сақтауға» береді. Ал ол «тартып алынған» өнімді сатады да миллиондаған ақшаны қалтасына салады,  сонда погоны бар адамдар «ешкімге ренжімейтін» болады. Заттарын тартып алған «батпақ қазушылар» өнімді қайтарып бер деп талап етпейді, себебі оларға қарсы қозғалған «жалған қылмыстық іс» бар… 

Бейнетаспаға түскен, желіде кең тараған  даулы жағдай бұл өңірде жиі болып тұрады. Жергіліктілердің айтуынша 2018 жылы осы көлдің жағасында нөмірсіз бір джип құйғытып келіп ішінде отырған шорты киген автоматшылар оқ сеуіп зу етіп өте шыққан…

Ютубтағы сол бейнетаспаны мұқият қарап шығыңыздаршы, анау ешкім танымайтын арнадатушы, футболка мен трико киген, форма кигендерді басқарып жүрген семіздің не деп айқайлап жатқанын тыңдаңыздаршы: ол адамдарға «сендер біздің көлге келдіңдер!» деп айқайлап жатыр. Бұл адамның бәрін ұмытқаны соншалықты, құпия сөзді жұрт алдында айтып қойды… 

Павлодар облысының полиция басқармасы баспасөз хабарламасын жариялап «полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды» дегенді айтып қалды. Бірақ шынтуайтына келер болсақ, ол жерде ешқандай полиция жоқ деуге болады, адамдарға шабуылдаған біреуінің ғана үстінде формасы бар. «Разборкаға» көлікпен келген «қызметкерлердің» біреуі  қарапайым киімде, екіншісі  «Күзеттің » адамы, әр түрлі киімде, полицей емес.. бірақ бәрінің де автоматтары бар. Ең басты арандатушы өзін таныстырған жоқ, бірақ бейбіт тұрғындарға мылтық атуды бұйырды, бір адамды құлатып қолына кісен салып жатып: «мен.. ресми түрде тұтқындаймын!!!» деп айқай салды….  

Оны айтасыз, мылтық ату жайлы іс қозғалды, мылтық атуға бұйрық берген адам қызметінен алынды  деп хабарлаған  полиция департаментінің сөзі өтірік болып шықты, қызметінен қуылды деген адам келесі күні форма киіп көлікте отырды. Оны біздің бейнетаспадан анық танып көруге болады…

Бұл мәселе бойынша сұрақтар өте көп болып тұр. Айдалада блок постар өзінен өзі пайда бола салмайды. Ол үшін заңмен негізделген — ресми қызметте отырғандардың бұйрығы, не себептен, қандай негізге сүйеніп, мақсаты мен міндеттері, құқы көрсетілуі керек. 

Жауабы да бар. Анау «іші қампиған  футболка мен трико» киген, жәй көлікпен қасында шортысы бар қарулы автоматшыларды алып келіп, 90 жылдардағыдай «разборка» жасаған мықты жайлы ақпарат алдық. Біздің инсайдтың дерегіне сенер болсақ, бұл адам полиция қызметкері, жәй қатардағы емес, бұрынғы УБОП бастығы  Жансеркенов Жеңіс… 

Осы жауаптың өзінен туындайтын сұрақтардың өзі қаншалықты десеңізші..

 

 

 

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.