Бүгін,  18 мамырда Ақтөбе қаласының азаматтық белсендісі Серік ОРАЗОВ  69 жасқа толған болар еді…. Бірақ бұл күнге ақсақал жете алмады, осыдан бірнеше күн бұрын өмірден озды. Өзі өлген жоқ,оны өлтірді. Оның өліміне  ақтөбелік полицейлердің жасаған озбырлығы мен жәбірі, қиянаты себеп болды. Бірнеше апта бойы полицейлер ақсақалды қайта-қайта полицияға шақырып  жүрегіне зақым түсірді, қарияның жүрегі шыдамады. Солардың біреуінің атын айтайық — учаскелік инспектор Рамазан ҚАЛИЕВ. 

Серік ОРАЗОВ бірнеше бейбіт наразылықтардың, акциялардың, челлендждің қатысушысы болды. Ол елімізде адам құқығының, сөз бен жиын еркіндігінің болғанын қалады. Ақсақалды полицейлердің ұстаулары қарияның денсаулығына қатты әсер еткен, әр ұсталған сайын жүрегі қысылып ауруханаға түсетін болыпты;  Серік ОРАЗОВТЫҢ баласының бейнетаспадағы сөзіне қарағанда, полицейлер әкесінің жүрегінің нашар екендігін білген. Олар соны біле тұрып оған қарсы зорлық әрекеттерге барған, аяусыздық жасаған. Иа, полицейлердің, погондылардың көпшілігі  көңілдерін осындай әрекеттермен көтеретін шығар…

 Серік Оразов ақсақал  кеше  2020 жылдың 17 мамырында жерленді.  

 Бүгін 69 жасқа толатын күні…

 

www.kuresker.org сайтымызды  Казахтелекомның бұғаттауына байланысты төмендегі сілтемелерді ұсынамыз,  VPN қондырғысын тегін орнату арқылы соның көмегімен бұрынғыша біздің сайтымызға кірулеріңізге болады.  

https://play.google.com/store/apps/details?id=com.fast.free.unblock.thunder.vpn

https://drive.google.com/open?id=1exa9jjmQRITK02NFQRoJ7bVJVSx2hRVa

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.