Кеше күні бойы сайтымыздың   www.kuresker.org. бұғатталу себептерін іздеумен айналыстық.

Бізді бұғаттаған кім (Қазақстанда бұғаттау құзыры   Казахтелекомның қолында), кімнің бұйрығымен жасалды және бұғатталу себебін білуге тырыстық.

Анықтап білген сияқтымыз. Бір себебі — полицейлік жоғары шенділердің жүйкесі сыр берген (Павлодар немесе Ақтөбе облыстарының болуы мүмкін) болса керек. 

Әрине, бұл «мықтылардың» Қазақтелекомға тікелей бұйрық беруге шамалары жетпейді. Бірақ біз Қазақстанда тұрамыз ғой, бізде бәрі болуы мүмкін… Ағамыз, көкелеріміз бар, ішінен бір көкемізді тауып айтсақ, көкеміз бұйрықты бере салуы қиын емес. 

Қандай материал себепші болды дегенге келер болсақ, олар екеу: бірі Павлодар облысының Ақсуындағы адамдарға оқ ату, екіншісі —  69 жасар Серік Оразовтың өлімі, яғни ақсақалды өлімші халге жеткізген полицейлердің ісі. Міне осы екі қылмыстық іс туралы материал сайтымызда рекордтық көру санына жетіп барынша кең тарады. 

Екеуі де ерекше резонанс тудырды, екеуінде де полицейлердің  аяусыз қаталдығы мен өзіне тиісті құқықты шексіз пайдалануы, бірінде адам өлімі, екіншісінде — Павлодар облысының полиция департаментінің  ең жоғары деңгейдегі қызметкерлерін қамтитын болуы мүмкін… Бір тәулік өткен жоқ, құқық қорғайтын Күрескер сайты Қазақстанның аймағында бұғатталып тасталды. 

Ақтөбедегі азаматтық белсендінің  өлімі туралы айтар болсақ, ақсақалдың өліміне себепші болғандар, оған жауап берулері тиіс. Әлеуметтік желідегі осы жайлы пікір білдірушілердің көпшілігі бұл өлімді алматылық азаматтық белсенді Дулат Ағәділдің қаза болуымен ұқсастығын жиі айтуда. Нақты дәлелдерді айғақтармен салыстырып  көз жеткіздірген. Полицейлердің басқа да қасақана іс-қимылдары мен заңсыз әрекеттері жайлы бейнетаспалар жеткілікті. Олардың бірнешеулері бойынша істер қозғалған, бірақ өкініштісі, ешкім әлі күнге дейін жауапқа тартылмаған. Ол істер полиция кабинеттерінде із-түзсіз жоғалуда. Оның себебі — белсенділерді қуғындап аяусыз жазалаушыларды  жоғарыда отырған саяси тапсырыс берушілер  қорғап отыр.

Ақсу мәселесіне келер болсақ, бұл жанжал  масштабы үлкен  ірі коррупциялық  жанжалға айналып кету қаупі бар. Себебі  қулық пен ым-жымы мол бір ЖШС-ң артында оның «тірегі» болып отырған (әрине тегін емес) жоғары деңгейдегі полицей қызметкері тұруы ғажап емес…  

Біз бұл мәселенің, 2017 жылдан бері жалғасып келе жатқан (енді ғана жарқ ете қалған) жағдайы жайлы инсайдерлік ақпарат  алдық. Алынған ақпарат  айқай шығарған  «көк футболка мен трико» киген адам жайлы.  Бұл адамның кім екендігі, аты-жөні, департаменттегі қызметін де білеміз. Сонымен бірге осы ЖШС арқылы полиция қызметкерлерін «асырап» отырған және «жергілікті тұрғындарды «пресстеп» отырған схемадан да хабарымыз бар… 

Бүгін осы деректерді нақтылайтын және растайтын ақпарат алып отырмыз. Павлодар облысының полиция департаменті шығарған баспасөз хабарламасында мылтық атудың қолданғанына байланысты қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады, бірақ шын мәнінде оншақты жергілікті тұрғындарға қарсы іс қозғаған.  Оларды полиция қызметкерлеріне қарсы шабуыл жасады деп айыптауда.  Шын мәнінде бейнетаспада ешқандай шабуылдың болмағаны көрініп тұр. Керісінше, жүйкесі нашар футболка киген арандатушы шорты киген автоматпен қаруланған біреулерге адамдарға қарсы оқ атуға бұйрық беріп жатыр…  Бұл тақырып жайлы айтар ақпаратымыз жеткілікті, оны міндетті түрде жалғастырамыз.

Осы жерде екінші президент мырза Қасым-Жомарт Тоқаев пен оның кеңесшісі Ерлан Каринге қояр сұрағымыз бар:  Сіздер Ішкі істер министрлігін бақылауда ұстайсыздар ма? Әлде сіздерге ерекше адал қызмет атқаратындығы үшін министрлікті бақылауды оның өзіне тапсырғансыздар ма? 

Құқық қорғау  сайты полициянық істеген қылмыстарын жария етеді, артынша оны ешқандай айыптаусыз, түсіндірмей сотсыз бұғаттайды… Біздің ақпаратымызды ешкім жалған деп таппады, себебі шын ақпарат.   Сайтымызды сіз басқаратын елдің аймағында бұғаттап отыр — шындықты айтқаны үшін. Осындай жағдай Сізге қолайлы ма? 

Кеңістікке сұрақ қойып отырмыз, әрине. Жауап болмасын да білеміз. Әрқашан осындай сұрақтарды қойған кезімізде, биліктің дәрменсіздігі мен әділетсіздігі жайлы айтқанымыз, өкінішке қараай,  рас болып шығады. Ең болмаса осы жолы қателессек деп едік… 

 Біздің  сайт бұрынғы толыққанды арнасында істеп жатыр.  «Казахтелеком» сайтты Қазақстан аймағында ғана бұғаттап отыр, басқа елдерде жол ашық. 

Қазақстандықтар   VPN арқылы сайтымызға кіре алады, оны жүктеп алып  компьютерден, смартфоннан тегін кез келген іздеуші құралмен немесе мына сілтемелермен табуға болады:  

https://www.ultrasurf.us/download/

 

https://play.google.com/store/apps/details?id=com.fast.free.unblock.thunder.vpn

 

Біз, бұрынғыша  сізбен біргеміз, сіз үшін қызмет етеміз. 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.