www.kuresker.org сайтымызды  Казахтелекомның бұғаттауына байланысты төмендегі сілтемелерді ұсынамыз,  VPN қондырғысын тегін орнату арқылы соның көмегімен бұрынғыша біздің сайтымызға кірулеріңізге болады.

https://www.ultrasurf.us/download/

https://play.google.com/store/apps/details?id=com.fast.free.unblock.thunder.vpn

Әрине, бұрынғыша сайтымызға материалдар салуды тоқтатпаймыз, сайт бұрынғы режимде жұмыс істей береді.

Сонымен бірге, материалдарымызды сайттың Фейсбуктағы бетінде қайталайтын боламыз, оған еркін кіретін боласыздар. 

Сайтымызға кіруге тосқауыл жасап отырған IPN қондырғыны да анықтадық, жақын күндері оның «қожайынын» да  табатын боламыз.  Бұл бұғаттаудың ар жағында ҰҚК немесе Бас Прокуратураның тұрғанына күмәніміз жоқ. Осы екі ведомство ғана ешқандай сотсыз интернет-ресурстарды бұғаттауға мүмкіндіктері бар.  

Сайтымызды бұғатталуы  — Қазақстанның билігі тарапынан біздің қызметімізге деген жоғары баға деп санаймыз, оған мақтанамыз.  Сол себептен де белсенділігімізді арттыра түсетін боламыз, біздің ақпараттарымызды пайдаланушылардың көбеюіне, арамыздағы қатынас жолын — жаңа жолдардың, жаңа баламалық жолдардың ашылуына күш салатын боламыз. 

Төменде осыған себеп болуы мүмкін бір постың скринін беріп отырмыз. Бұл пост кеше жарияланған, 69 жасар Серікқали Оразов жайлы, полиция қызметкерлерінің қарт адамның қыр соңынан қалмай қуғындауының нәтижесінде ақсақал жүрегі шыдамай өлген еді. 

Біз сіздермен біргеміз, бұрынғыша! Сіз бен біз үшін! 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.