Азаматтық белсенділерді қуғындап жатқандығы жайлы оқиғалар күнтізбесінде, соңғы кездері виртуальды  қоғамдық қозғалыс «КӨШЕ партиясынан» көптеген хабарлар түсіп жатыр. Бір қызығы, бұл қозғалысқа қатысып жүргендер мен азаматтық белсенділер шынайы өмірде бар адамдар. Сайтымыздың ұстанған саясатына сай, біз барлық азаматтық белсенділерді қолдайтын болғандықтан, осы қозғалысқа қатысушы нақты адамдар жайлы ашық дерек көзінен алған оқиғалардың топтамасын ұсынып отырмыз. 

 «КӨШЕ ПАРТИЯСЫ» деп аталатын чаттың қатысушыларының саны Телеграмм  бойынша   2020жылдың 14 мамырында  — 176,237 адам.   «Көше Партиясы» чатында белсенділер саяси қуғындаулар мәселесін талқылайды, Тоқаев бастаған үкіметтің коронавирус дағдарысына байланысты жасап жатқан іс-қимылдарын сынайды. 

 «Көше Партиясы» қатысушылары өздерінің қатарына қосыламын деушілерді келіп көздеріңізді жеткізіңдер, бізде ешқандай экстремизм жоқ деп отыр. 

 Қуғындау күнтізбесі: 

«⭕️ 13 сәуір 2020 жыл:

— Ақтөбе қаласындағы «Көше партиясының» аймақтық чатының белсендісі, администраторы Бауыржан Сарқұловқа учаскелік полицей бір күнде екі рет келген. Алғашқыда шақыру қағазсыз келіп оны аудандық ішкі істер бөліміне апармақ болған, екіншісінде шақыру қағазбен келіп прокуратураға профилактикалық әңгімеге апармақшы болған. 

⭕️ 16 сәуір 2020 жыл, #Суюбаев Асанәлі, Ақтөбе қаласындағы «Көше партиясының» аймақтық чатының белсендісі, администраторын заңсыз жолмен психиатриялық ауруханаға жатқызбақ болған. Полиция қызметкерлері оны көшеде ұстап әбден жүйкесіне тиіп мазасын алған, ешқандай дәрігерлік тексерусіз, учаскелік дәрігердің қатынасынсыз психиатриялық ауруханаға апарған.  

⭕️ 21 сәуір 2020 жыл:

— Қызылорда қаласындағы «Коше Партиясының» аймақтық чатының қатысушысының жеке бетіне, чатты таста, «оның қатысушылары мемлекеттік төңкеріс идеясын талдылайды» деген хабар түскен. 

⭕️ 26 сәуір  2020 жыл:

— ҰҚК қызметкерлері  «Көше партиясының»  белсендісі, администраторы #Такиянов Біржанға қарсы порносайттарда оның абыройын түсіретін бейне жазбаларды ұйымдастырған. ҰҚК қызметкерлерінің мақсаты — Тақияновты азаматтық істермен айналысудан бас тарттырмақ болған.

 ⭕️ 27 сәуір 2020 ж:

-Қостанайлық  Азат #Ибраев  Телеграмдағы аккаунты бұзылған, сосын алып тасталынған. Азат Қостанай қаласындағы «Көше партиясының» аймақтық өкілі, «Қостанай көше» чатының администраторы. 

⭕️29 сәуір  2020 ж:

— #Дуйсенбиев Марат -Түркістан қаласындағы «Көше партиясының» чатының белсендісі және администраторы. Маратты үйінен жедел жәрдемі көлігімен дәрігерлер, ҰҚК және полиция қызметкерлері коронавирусқа деген күдікпен алып кеткен. Белсендінің ұлы ресми мәлімдеме жасап әкесінің ауырмағандығы және жедел жәрдем шақырмағанын айтқан.  

⭕️ 5 мамыр 2020 жыл:

— белсенді Серік #Идырышев  сот шешімі бойынша тергеу изоляторына 9 айға қамаған. Соттың өтетін күні жайлы бір тәулік бұрын ғана СМС арқылы хабарлаған, белсенді өз адвокатын шақыруға үлгермеген.   Идырышевтың жазасын ҚР ҚК 405 бабын бұзғаны үшін яғни пробациялық бақылау режимін сақтамағаны үшін деп ауыстырған. Бұл жерде ИДЫРЫШЕВТІҢ пробациялық режимді бұздың деп отырған «айыбы» — оның Дулат Ағәділдіің саяси өлтірілуіне байланысты тергеуді талап етуі және Өскемен қаласының «Көше партиясының» Телеграмдағы аймақтың әкімдігін басқарғаны үшін.  

⭕️ 6 мамыр 2020 жыл.   Асылжан #Асабаев тың туысқандарының хабарлауынша Түркістан қаласының «Көше партиясының» аймақтық чатының администраторы  Асылжан Асабаевты алдап аудандық ішкі істер  бөліміне апарған. Қысым мен қуғындау қаупі төнгендіктен Асабаев өз аккаунтын алып тастауға мәжбүр болған.  

⭕️ 7 мамыр 2020 жыл:

-Павлодар қаласының «Көше партиясының» аймақтық чатының тағы қатысушысына чатты жап деген хабар түскен, себебі бұл топ «ҚР-ң мемлекеттік құрылымын құлатуды жоспарлап отырған ҚДТ экстремистік ұйымымен байланысқан» деген. 

⭕️ 11 мамыр 2020 ж.:

— Павлодар қаласының аймақтық «Көше партиясының» чатының администраторы  #Хасенов Дарынзаңсыз ұсталған. Тергеу кезінде қолына шақыру қағазын беріп ертең 12 мамыр күні тағы да Павлодар полиция департаментіне тергеуге келесің деген. 

⭕️12 мамыр 2020 ж:

— Павлодар қаласының «Көше партиясының» аймақтық чатының администраторы Алан дегенді қуғындап полицияға қайта-қайта шақырып жатқандығы белгілі болды.

⭕️13 мамыр 2020 ж:

— Ақтөбе қаласының «Көше партиясының» аймақтық чатының администраторы Мухаммад #Саллахадин  «Көше партиясында» админдік жасағаны үшін қуғындалып телеграмнан кетуге мәжбүрлегені жайында белгілі болды. 

⭕️ 13 мамыр 2020 ж:

— «Көше партиясының тағы бір администраторы (Ақтөбе қ.)  #Олжаев Еламанның құқық қорғау органдарының қуғынына түскені жайлы белгілі болды.  Олар белсендіге «Көше партиясы» «террористік ұйым» деп жалған түсіндірген. 

⭕️13 мамыр 2020 ж:

— Ақтөбе қаласының «Көше партиясының» аймақтық чатының тағы бір администраторы Қайрат деген жігіттің қуғынға түскендігі жайлы хабар жетті. 

⭕️ 14 мамыр 2020ж:

—  #Актобе қаласының «Көше партиясының»  чатының аймақтық администраторы  Фариза #Кемешова тірек пунктіне жеткізілгендігі, ол жерде 9 сағаттан артық ұстағандығы жайлы хабар жетті. Фаризаға «Коше Партиясы» чатына қатысқаны үшін және митингіге шақырғаны үшін деген айып тағылған. 

⭕️ 15 мамыр 2020 жыл:

— Орал қаласынан азаматтық белсенді #Уральск, Айжан #Хамидуллина  16 мамырға сағат 11-е  полиция департаментіне келуге шақыру қағазын алған.  Айыбы — Telegram — «Коше Партиясы» и «Безработные и Бедные ЗКО» ұйымдарына қатысқандығы. .

1 полиция қызметкері және 2 азаматтық киім кигендер Айжанның үйіне келіп прокуратураға бейбіт чаттарда қатысуға тиым салынғандығы жайлы профилактикалық әңгіме өткізуге алып кетпек болған…  

Көріп отырсыздар, жаппай заңсыздық,  адамдарды жүйелі түрде қуғындау жүргізіліп жатыр. 

                 «Көше Партиясы»қозғалысына қатысушылардың үндеуінен: 

«…  «Коше Партиясы» чатына ҚДТ-а қатысың бар деп биліктің заңсыздықтарға жол берулері  өте қауіпті тенденция.

 ОБСЕ, БҰҰ, АҚШ және  ЕО айтарымыз: белсенділерді саяси қуғындалушылар тізіміне енгізуді сұраймыз және Қазақстан билігінің басқаша ойлайтындарды, бейбіт жиынлар мен ассоциациялардың еркіндігі мен сөз бостандығы үшін қуғындауды тоқтатуды сұраймыз»  

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.