Азаматтық белсенділер. Біз қолдап жүрген осы кісілер, кімдер?  Олардың саяси көзқарастары мен ұстанымдары қандай адамдар?  Олар «кімді қолдайды», кімге «қарсы»?  Олар Қазақстанның қандай ел болғанын қалайды? Бұл адамдардың артында кімдер тұр? Олардың «өткендері» қандай адамдар, қарапайым сөзбен айтқанда осыған дейін кім болғандар? 

Біз үшін олардың кім болғанының еш қажеттері жоқ. Олар азаматтар: олар бүгінгі жағдайға, өздеріне жасалып жатқан қуғындауға, құқығын бұзушылыққа белсенді түрде қарсылар.

Сондықтан да, біз сайтымызда осы ұстанымдағылар жайлы айтамыз, әңгімелейміз. Біз оларды қолдаймыз, олардың жолында кездескен проблемаларды шешуге көмектесеміз, сұрақтарына жауап беріп, барынша жариялылықпен бағасын береміз. Бір топ азаматтық белсенділер айтады: тек қана бейбіт митингілер ғана бүгінгі режимді ауыстыруға, қартайып әлсіреген диктатураны бейбіт жолмен құлатуға мүмкіндік береді. Басқалары айтады — еліміздің заңнамалары белгілеген, сорақы болса да жасалып жатқан заңсыздықтарға қарамай, әртүрлі заң қайшылықтарына көнейік. Азаматтардың бейбіт жиынға құқы бар, сол заң бойынша митинг жасауға биліктен рұқсат алып қана көшеге шығайық дейді… 

Кімдікі дұрыс? Екі жақ та дұрыс айтады. Себебі, бұл нағыз демократиялық ұстаным. Демократия қашан болады — егер қоғамда әралуан пікірлер қатар жүрсе, егер қоғам –  биліктің  заң шығаратын  орындарына әрқилы пікірі бар, әртүрлі көзқарастағы депутаттарын жіберетін болса,   депутаттар өз пікірін қорғап төбелесуге дейін барады, кімдер көп дауыс алса, дәлелі басым болса солар көп дауыс алып жеңеді…  

Басқаша болуы мүмкін бе? Жоқ, болуы мүмкін емес. Демократия дегеніміз – күшті парламент. Парламенттің мықтылығы «нұротандық» құлдық мағынадағы бірауыздылық емес, әртүрлі сайлаушылардың мүдделеріне, көзқарастарына лайықтылығымен, әртүрлі көп көзқарастардың болғанына, қайшылығына қарамай бір жалпы шешім қабылдау қабілеттілігінде. 

Бүгінгі азаматтық белсенділер — біздің қоғамымыздың әртүрлі топтарының мүддесін қорғаушылар – егер осы азаматтар болашақта болатын мықты парламенттің бастауында тұрмағанда, басқа кімдер болады?  «Мықты тегеурінді қол» немесе «бір ауыздан сөз» дегенді айтып отырған жоқпыз.   

Сол себептен де біз азаматтық белсенділерге қатысты материалдарды  жариялап келеміз және жариялай беретін боламыз. Соның ішінде ең маңыздысы — егер аталған белсенділердің адами құқықтары бұзылып, құқын қорғағаны үшін қуғынға түсіп қысымға түскен оқиғаларды молынан хабарлап тұратын боламыз. Біз жұрттың бәріне жағымды болудан аулақпыз. Біз бар болғаны жоғарыда айтылған ұстанымға сәйкес болмақпыз. Бұл жағы біз үшін өте маңызды. 

 Біздің сайтқа кіріңіздер:  www.kuresker.org , ұнаған жеріне «лайк» басыңыз, көшіріп басыңыз, өз айтарыңыз болса бізбен бөлісіңіз. Біз ештеңені сатпаймыз, сатып та алмаймыз. Біз көмектесеміз.  Сіздің  қатысуыңыз арқылы әртүрлі жұртқа көмектесетін ақпараттарды таратамыз. Көмегіміздің пайдасы біреуге тиер, ертең  бізге де, сіздің өзіңізге де, барлығымызға  тиер. Сіздің бізге де көмегіңіз тиері анық, егер сұрақ қойсаңыз, болған оқиғаны хабарласаңыз, ескерту, ұсыныстар жасасаңыз.  Вотсап, Вайбер,  Телеграмымызбен хабарласыңыз,  телефонымыз +38 093 39 69 111. Жазыңыз, сұраңыз, жауап береміз. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.