Бірақ шын мәнінде ақсақал өзі өлген жоқ, өлтірілді. Оны өлтіргендер — «халқымды қорғаймын,  халқыма қызмет етемін» деп ант бергендер, біздің құқық қорғаушылар.  Өлерінен бұрын ол бейнетаспаға үндеу жазып, 69 жастағы ақсақалды ұстау кезінде полицейлердің қалай ұрғандығын, иығында погондары бар жас жігіттердің азаптағанын  айтқан. Ақсақал денесіндегі жарақаттары мен дақтарын көрсеткен, жұртшылыққа сөз айтып өзіне көмек көрсетуді сұраған…

Бұл ақсақалдың барлық кінәсі — әділеттілікті сұрағаны, сол үшін  өз үйінің есігінің алдында өлген. Учаскелік полицей ақсақалдың  соңынан қалмай күн сайын, апта сайын ізінен қалмаған, қалған өмірінің соңғы күндері   азапқа айгалған… 

Кешіріңіз, бізді ақсақал!   Бостандықты, еркіндікті қалаған, сондай өмірді  баршамызға тілеген, сол үшін  жүрегі шыдамаған ақсақалымыздың топырағы торқа болсын! Иманы жолдас болсын! 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.