Тағы да сол баяғы Алматы облысы, Заречное селосындағы  атышулы жүз үшінші лагерь, «ЛА 155/14» мекемесі.

Ай бітпей-ақ сол жақтан жаңалық немесе өкінішті оқиғалар келеді… Иа, бұл лагерьді сондағы сотталғандардың өзі ұнатпайды, олар бұл лагерьді  «қаншық иттің» режимі, лагері деп атайды.

Оның себебі мынада, лагерьдегі сотталғандар екі топқа бөлінген (қалыпты нәрсе, басқа лагерьлерде де қалыптасқан)  — «қоңырлар» мен «қызылдар», «тұтқындар» мен «серкелер» (белсенді ешкілер дегені). Тағы бір «тап» өкілдері бар — оларды «шерстянойлар» деп атайды. Олар түрме әкімдігінен тәуір «игіліктерді» көп ақшаға  сатып алған сотталушылар  (бөлек тұру, санчастьке жату, тексерулерге шықпауларына да болады, лимитсіз кездесулер мен сырттан заттар алу т. б.).   

Бұл топқа жемқорлар, мемлекет ақшасын жеген алаяқтар, кәдімгі парақор-шенуніктер жатады. Олар әкімдіктің  өздеріне оң көзімен қарауын (жаза мерзімі біткенше) сатып алуға мүмкіндіктері бар кісілер. Иа, осы бір қалыптасқан, мүлтіксіз істеп келе жатқан Үштік механизм — (Қожайын — Арнаулы прокуратура — Сот) тоқтамай жұмыс істейді. Бұл топқа кіру «билеті» өте қымбат, көп ақша тұрады; менен Ақтау түрмесінде үйіме жақын лагерьге ауыстыруға»көмектесуге» 50 000 доллар сұрады, төлемегендіктен Петропавлге жіберді…. Әрине, мұндай ақша қызметкерлерді бұзады — барлың деңгейде осы жүйе қалыптасқан, сол астаудан жем жейді. Сондықтан да олар, ақшасы жоқ сотталғандарға ерекше жиіркенішті, жек көрінішті көзбен қарайды. Түрмедегі жанжалды оқиғалардың жиі болатын себебінің бірі осыдан. 

 Елена СЕМЕНОВАНЫҢ  сипаттаған материалындағы мына оқиға — шындық. Аяусыз садист қызметкерлердің қылмыстық істері  дәл осындай жолдармен бұрмаланады, дәл осындай жолдармен куәгерлер мен арыз берушілерді қорқытады, дәл осылай арнаулы прокуратура ақты қара, қараны ақ деп дәлелдейді. 

Ал   СУС-а отырған (түрме ішіндегі түрме) «11 отрядтың» мүшелерінің  «қасақана істері» дегендері түрмеде отырмағандарға арналған ертегі. 

Мен (Владимир Козлов –  сайттың ескертуі)  осы лагерьдің СУС-а 6 айдан екі мерзім отырдым. Мұнда «отрицалдар» (бәрін жоққа шығарушылар») отырады яғни режимді мойындамайтындар (жоққа шығарушылар),  әкімдіктің талабына бағынбайтындар (олардың 99 пайызы — заңсыздар, оларды «наебУрлар» дейді).   Бұл жерге «первоходтар» (бірінші рет сотталушылар) сирек келеді, негізінен кәнігі «ходоктар», бірнеше рет сотталғандар, особистер (особый режимде болғандар), бәрін біліп, бәрін түсініп істейтіндер түседі. 

Бұл жеке барак, әрбір адам әскери күзеттің 24 сағат бойы көру кеңістігінде бақылауда отырады (бейне бақылауы бар).  Ондай жерде «тентектік» жасап бақылаушыға шабуыл жасап оны байлап тастауы, тиым шеңберіне шығып кету мүмкін емес. Олай етсе күзетші ескертусіз атып тастауға құқы бар… Оған қосымша, СУС-ң «пентагонға» (түрменің әкімдік үйі)  жақын орналасуы, ол жерде басқа бақылаушылар бар… мұндай жерде бұзықтықты  тек өлімнен қорықпайтындар ғана жасайды. Өлімнен қорықпайтындар олардың арасында жоқ.  Қорытындысын өзіңіз жасаңыз, оқушым. 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.