Павлодар облысының Ақсу елді мекенінде болған қару асынған түсініксіз адамдар мен тұрғындардың арасында болған оқиға жалғасын тауып жатыр. Оның басты себебі, бұл оқиғаға қатысушылардың саны өте көп. 

Айта кетерлік нәрсе, бұл оқиғаның кейбір деректері әдейі ме әлде басқа себеп пе, бірақ бұрмаланған. 

Мысалы, кеше 14 мамыр күні берілген дерек бойынша трико киген көк футболкалы автомат  асынғандарға атуға және формалы полицейлерге бұйрық беріп жүрген адам қызметтен қуылды деген еді. Бірақ іс жүзінде бұл адам (кім екені, қандай қызметтегі екендігі анықталмаған) осы оқиғаға қазір де белсенді түрде араласып отыр.  Тұрғындардың айтуы бойынша, біз поселкенің жұмыссыздарымыз, «микросфера» көлінің төңірегінде  күн көріп шикізат сатып жүргендерміз дейді. 

Олардың айтуынша, полиция түсініксіз салық  «салған» көрінеді, шикізат тиелген әр машинадан тиісті құжаттарың жоқ деп жарты миллион теңге сұрайды екен. Мәселенің бұлай қойылуы таң қалдырады, адамдар бұл шикізатты сатып алмайды, ешкім оны сатпайды, бұл шикізат иесі жоқ көлде жатыр. Сол үшін құжаттарды талап ету биліктегілер мен иығында погоны барлардың жемқорлық схемасына ұқсайды.  

Бұл жағдай баяғыдан бері келе жатыр дейді хабар берушілер, полиция мен тұрғындардың арасындағы қақтығыстар бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Адамдардың заңсыз түрде шикізатты жинауына кедергі жасамайтындар мен бұл істе «үлесі»бар полицияның арасында байланыс болғандықтан бұл мәселені ешкімнің шешкісі жоқ көрінеді. 

Павлодар облысының полиция департаментінің хабарлауынша ішкі қауіпсіздік басқармасы «полиция қызметкерлерінің» қару қолдануы дұрыс па, жоқ па екендігін тексеріп жатыр екен. Бірақ бұл адамдардың сырт түріне қарасақ, күш қолданушылардың екеуі ғана  қызметкерге ұқсайды: бейнефиксаторы бар формалы полицей және камуфляжды бетін қара маскімен жапқан автоматты адам; сол ғана «Орланның» қызметкеріне ұқсайды. Егер шорты мен футболка киген автоматпен қаруланғанды полиция қызметкері дейтін болса, әңгіме басқа тергеу жүргізілетін тақырыпқа ауысады. 

Біз бұл оқиғаға байланысты оны бақылауды тоқтатпаймыз, бұл жөнінде ақпараттары бар кісілерді біздің фейсбуктегі мессенджерімізге, көрсетілген электронды поштамызға  @Владимир Козловтың бетіне немесе  whatsapp(вотсап) , viber (вайбер), telegram (телеграм), жазуға, хабарлауға (телефон +38 093 39 69 111) болады.

 Төменде  «Астана» телекомпаниясының бейне зерттеуі:

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.