Бүгін 14 мамырда Петропавлда азаматтық белсенді Азамат БАЙКЕНОВТЫҢ сотының соңғы күні болып өтті, барлығы үш мәжіліспен іс аяқталды. 

Естеріңізге салайық, Азаматты  Қазақстанда «экстремистік» деп танылған ҚДТ (ДВК) қоғамдық қозғалысын қолдағаны үшін айыптап отыр.

Сот Азаматтың күнәсі толық дәлелденді деп (оған кім күмәнданады?) анықтады. Азамат күнәсін мойындаған жоқ.

Прокурор Азамат БАЙКЕНОВТЫҢ төрт баласы бар екендігін ескеріп бір жылға бас бостандығынан айыруды сұрады…  Сот «ақылдасу бөлмесіне» кетті. Үкім 15 мамырда оқылады. 

Дәл осы күні басқа да азаматтық белсенділердің үстінен сот істері жүріп жатыр. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының азаматы Роман Рейхерттің соты. Роман мен Азаматтың істері бірдей  (ҚР ҚК 405 бабы) — тиым салынған ҚДТ ұйымының идеяларын насихаттағаны және қатысқаны үшін.  

Айыптаушы жақ Романның  күнәсі де толығымен «дәлелденген» деп санайды. Прокурор сонымен бірге бұл мәселенің «қиындататын» жағдайын да Романға қосып отыр. Сарапшының қорытындысы бойынша Роман ҚДТ идеяларын бүкіл ел коронавируспен (ТЖ мен карантин) күресіп жатқанда  жасапты-мыс…

Романның соты жалғасуда. Роман өз күнәсін мойындаған жоқ. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.