14 мамырдағы әлеуметтік желіде жарияланған бейнеролик бірнеше рет метафорфозаға түсті. 

 Алғашқыда бір қыз ұсталыпты деген комментарий болды, бірақ қыз не үшін ұсталғаны жайлы ештеңе жоқ. Қалай ұстағанын көріп тұрмыз, хайуанды ұстағандай шашынан сүйреп көлікке кіргізді, ішіне кіргізген соң ұрып-соғып жатқаны байқалды. Күзет агенттігі формасын кигендер сырттан айғайлап жатқандарға, өздерін түсіріп жатыр екен-ау деп сасатын түрі жоқ, өз істерінің ақтығына күмәнсіз.  

 

Бұл оқиғаның қай жерде болып жатқанын әуелгіде біле алмадық (кадрге түскен үш автокөліктің біреуі күзеттің арнаулы нөмірі, екіншісі ресейдікі, үшіншісінің ескі мемлекеттік нөмірі бар.)  Бірақ, қашан? 

Артынша «тыныштандырған» комментарий пайда болды: Бұл Қостанайда болды,  бұзықтық жасаушыны күзет полицияға алып бара жатыр деп түсіндірді.

Енді міне бір ақпарат келді, бұл жолы зардап шеккен адамның аузынан не болғанын естідік. Бұл жағдай кеше 13 мамырда болған, біз ойлағаннан да  сорақы:  «хайуандық» ұрып-соғу, қымбат мүлікті бүлдіру, жеке куәлікті «жоғалтумен» болыпты. Оны айтасыз, оқиға анау  «Арыстан» пульт күзет» агенттігіндегі малға ұқсас  адамдардың жалған өтірігімен  «көркемделіпті».   

Бір сөзбен айтар болсақ, Қазақстандағы адам құқығының бүгінгі жағдайы масқара сорақылық заңсыздықтарға толып барады. Бүгін ғана біздің сайтымызда полицейлердің адамдарға қарсы мал деңгейіндегі қатынасын, қолында билігі барлардың адамдарға қарсы қару қолданып қорқытуы жайлы екі материал жарияланды. Енді міне тағы..

Бүгінгі  уақыт баяғы 90-ы жылдардағы қайғылы «бандиттік заманды» еске түсіреді..  

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.