6 мамырдан бері Ленгер мен Шымкент жауыннан болған топан судың астында қалды. Осыдан бір ғана апта бұрын өзенге жақын орналасқан адамдардың үйлеріне су жақындаған кезде тұрғындар судың деңгейі көтеріліп қалуы мүмкін деген қауіп білдірген еді.

Бүгін Ленгерден, жаңа ғана Шымкенттен алған бейнетаспада сұмдық жағдайды көрдік — өзендер лай тасқын суға толы, үйлер мен көшелерді белуарынан су басқан,  абыржыған үрей басқан халық… 

Егер билік бір апта бұрын қимылдаған болса, адамдар мен мал-мүлікті алып кетуге, судың бағытын арналарға бұруға болар еді. Бейнетаспада осыны айтқан тұрғындардың дауысы естіледі…  

Бүгінгі Қазақстанның оңтүстігі — экологиялық апат аймағына айналып барады. Бұл жағдай қазіргі басқарушы биліктің жүргізіп жатқан әлеуметтік саясатының шынайы көрінісі болып отыр.

Қазақстанның адамдарының тек қана өмір сүруге, денсаулыққа, дүние-мүлкінің аман-саулығына ғана құқығы бар емес. Олар сонымен бірге өздерін басқаратын биліктің білімді, халқының тұрмысын қорғай алатын  жауапты  үкіметінің  болуына міндетті. Халықтың осы құқығы бұзылып жатыр. 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.