Лобачевский көшесінде орналасқан Әкімдік қамауға арналған арнайы қабылдау орны азаматтық белсенді Геннадий Крестьянскийден құтыламын деп сау басына сақина тілеп алды.
Бейне таспаға жазылған Геннадийдің үндеуінде осы арнайы қабылдау орнында болған кезіндегі басынан кешкендерін, нәтижесінде инсультке соқтырып ауруханадан бір-ақ шыққанын егжей-тегжейімен баяндапты.
Азаматтық белсенді бұл мекеменің басшылығы мен қызметкерлерін жеке басына арандату ұйымдастырғаны, қалай азаптағаны үшін жауапкершілікке тарттырмақ көрінеді.