Осы оқиға жайлы бейнеролик әлеуметтік желіде таралып кетті. Бұл таспада бір топ азаматтарға бір топ адамның шабуылы көрсетілген. Шабуылдаған жақтың ішінде бір семіз адам, үстінде көк футболкасы бар және полицей формасындағы бір адам,  қолында бейнефиксаторы бар, «шабуылдаушы» топтың құрамында бандан, шорты, жаттығу және экзотикалық ала-құла киімдері  бар бірнеше адам жүр. Барлығының қолында автоматтары. 

Көк футболка киген адам оқиға орнына жәй автомашинамен келді, ішіндегі ең дәу бастыққа ұқсайды. Келе сала жекіріп, айқайлап, адамдарға үрей шаптырып тиісе бастады. Қайтсе де адамдарды арандатып   күш қолдануға ілік іздей бастады. Бірақ, өзі емес, қасындағы полицей мен автоматпен қаруланғандарды айтақтап, арандатып күш қолдануға барынша тырысып бақты. Полицейлер мен автоматтылар аспанға оқ атып жағдайды шиеленістіре  бастады. 

Үстіне көк футболка киген семіз адам: «мен оны ресми түрде ұстадым» деген айқаймен топтың ішінен бір адамды полицейдің және бір автоматты адамның  көмегімен жерге құлатып қолына кісен салды. 

Осы бейнерликті көргендердің өздеріне қойған бірінші сұрағы: «Бұл немене, бұл қандай оқиға?» Полицияның операциясына ұқсамайды, 90-ы жылдардың кезіндегі бандиттердің  өз тобына бір «арзан» ментті қосып алып жасайтын атыс-шабысына көбірек ұқсайды…

Кейін Павлодар облыстық полиция департаментінің берген  «түсіндіруінде» анау автоматпен қаруланған кімдер, көк футболка киген семіз кім т. б.   сұрақтарға  жауап жоқ. Ешкім ештеңе бұл оқиға жайлы түсіне алмай отыр.  Енді осы бейне роликтің арқасында бұл не оқиға, неден басталды, немен аяқталды, білетін болармыз. 

 Төменде – «ешқандай оқиға болған жоқ» деген Павлодар полициясының түсіндірмесі және Гүлбақыт Бижанованың комментарийі 

Ақсу ауданының Береке поселкесінің тұрғындарымен болған жанжал.

Облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 380 бабы 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын бастады.
Тергеу істері жүргізілуде . Мал ұрлығын болдырмаудың алдын алу мақсатында және «Металлогамма» және «NewHantamurNC»  ЖШ серіктестіктерінен түскен «микросфера» шлак қалдықтары жаппай ұрланып жатыр деген  қатынастарына байланысты полиция департаменті Ақсу ауданының Ақжол және Береке поселкелерінде мобильдік бекеттер қойған болатын. 

Бұл мобильдік бекет ауылдық мекеннен 15 шақырым алыс қашықтықта орналасқандықтан адамдардың емін-еркін жүруіне кедергі жасамайды.  

Қалқаман селосының қасындағы жолда  орналасқан бекетке ауыл тұрғындары келіп «микросфера» шикізатының қалдықтарын тасып өткізуге, қолдарында тиісті құжаттары жоқ екендігін айтып арыз айтқан болатын.  Бұл өтініштеріне болмайды деген жауап берілді.

13 мамырдың  17.30 шамасында мобильді бекетке 30-а жуық Береке поселкесінің тұрғындары автокөлікпен келді, олар күш қолдану арқылы, полицейлердің мүлкін бүлдіреміз деп қорқытып полиция қызметкерлерінің бұл жерден кетуін талап етті. 

Жанжал «өртін» сөндіру мақсатында полиция қызметкерлері аспанға оқ атып және басқа да құралдарды пайдаланып жергілікті тұрғындардың мұндай іс-қимылдарын тоқтатты. 

Аталған іс-қимылдардың нәтижесінде жанжал тоқтатылып жергілікті тұрғындар бекеттің жанынан кетті. 

Арнайы құралдардың қолдануына байланысты Ішкі қауіпсіздік басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 361 бабы 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тексерулерді жүргізіп жатыр. Соның қорытындысы бойынша полиция қызметкерлерінің іс-қимылдарына құқықтық баға берілетін болады.

— Бейнетаспада роликтің авторы ауыл тұрғындарының дау басталар алдындағы қорқытуларын алып тастаған. Роликтің басында полиция қызметкері бұл адамдардың заңсыз әрекеттерін түсіндірген. Сондықтан да оқиғаға басқа мағына беріп тұр — дейді полиция департаментінің бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.   Павлодар облыстық  ДП-ң баспасөз қызметі.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.