Осыдан бұрын хабарланғандай, 29 сәуір күні «жихадшылдардың ісі» бойынша сотталған Кенжебек ӘБІШЕВТІҢ «ісі» сотта қаралып, оның өтініші қанағатталып қалған мерзімін еркіндігін шектеумен ауыстыруға шешім шыққан болатын.

 Кенжебек ӘБІШЕВ – саяси мотивпен сотталған үш адамның бірі, қазақстандық құқық қорғаушылар оны «саяси тұтқын» санатына қосқан.  К. ӘБІШЕВ жасы келіп қалған адам, түрмеде отырған әрбір күні оның еркіндігіне ғана емес, денсаулығына да нұқсан келтіріп жатыр.  Оған екі ғана күн қалған еді… 

Қапшағай соты тағы да басқа істер бойынша бірнеше осындай шешім шығарған еді. Бірақ солардың ішінен тек ӘБІШЕВТІҢ ісіне арнайы прокуратура  қарсылық білдірген. Соған қарағанда, Кенжебекке қарсы басталған, сосын жүргізілген саяси қуғындау мәселесіне билік нүкте қойғысы келмейтін сияқты. 

Формальды түрде сот прокуратураның қарсылығын қанағаттандырмауына да болады, бас тартуға құқығы бар. Бірақ… Біздегі шешім қабылдау мәселесіндегі тәртіп бойынша «прокуратураның соңғы сөз айту құқығы бар». Сонымен бірге, әу бастан бұл мәселе саясаттандырылғандықтан, барлығына дайын болуымыз керек. Бұл жолы Кенжебек ӘБІШЕВТІ үйіне жібермеуі де мүмкін.  

Бізге жеткен деректер бойынша, Кенжебек ӘБІШЕВ арнайы прокуратураның қарсылығына байланысты наразылық хатпен бірге, «соңғы хатын» да қосып жіберіпті… 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.