Бүгін, 2020 жылдың 12 мамырында азаматтық белсенді  Азамат БАЙКЕНОВТЫҢ үстінен өтіп жатқан  (ол Роман РЕЙХЕРТ сияқты ҚР ҚК   405 бабымен «ҚДТ-ы қолдағаны үшін айыпталуда) соттың бірінші мәжілісі болып өтті.  Полицейлердің «сарапшыларының» айтуынша Азамат Қазақстанда экстремистік деп саналатын қозғалыстың материалдарына қолдау білдірген. Бүгін екі жақтың адамдары іспен танысты, Іс 5 томнан тұрады.  


Судья ГУСЕВ  Азаматқа құқықтарын түсіндірді, айыпталушыға бірнеше сұрақтар қойды, сонымен бірге Азаматтың қорғаушылары ұсынған  мынадай тәртіпті қабылдады: әуелі істі зерттеу, сосын куәларды сұрау, екі жақты тыңдау. Істің фабуласы тыңдалды, прокурор БКАЕВ айыптау қорытындысын оқып берді.


Түстен кейін куәгерлер тыңдалды — Азамат БАЙКЕНОВТЫ 2019 жылы 16 желтоқсанда ұстаған, хаттама толтырған полицейлер және Петропавл қаласының әкімінің орынбасары сұралды.


Соттың келесі мәжілісі 13 мамырда өтуі мүмкін, егер интернет байланыстың жұмысы жеткілікті сапалы болса, бүгінгі мәжіліс нашар интернет байланысы болғандықтан 30-40 минутқа үзіліп отырды.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.