Бұл хабарға біреулер сенбес, екінші біреулер  «бұл өмірде не болмай жатыр» деп селқостық танытар.  Бірақ бұл шындық, күнделікті өмірімізден алынған шындық.  Бұл шындық жайлы мүмкін естімеген болар ма едік, егер Елена Семенова және басқа да құқық қорғаушылар болмағанда. Өкінішке қарай…
Еленаның жазғаны нағыз шындық, ойдан шығарылмаған, лагерьдегі өмірден алынған. Қатал азап пен аяусыздыққа, заңсыздыққа, садизмге шыдамаған сотталғандар, өздерін жердегі Құдай сияқты санайтын түрме әкімдігінің шексіз қиянатына прокурордың назарын аудармақ болып осындай жанкештілікке баруда.
Еленаның айтуынша, түрме қызметкерлері бұл адамға жүгіріп келген, дәрігерлермен бірге емес, өздері ғана не жағдай болып жатыр деп… темір жұлатын құралды көтеріп шегеленген аяқтан темір шегені жұлып алып, тұмсығынан бір ұрып айып изоляторына апармақ болған.  Бірақ олай жасау оп-оңай еместігіне көрген соң көздері жетіпті.  Олай етсе сөз жоқ адамның мүгедек болары сөзсіз еді. Әуелгі ойларынан қайтып тоқтапты. Олардың адамгершілік сезімі жеңген шығар деп ойлайсыз ба? Жоқ, олай еткен жағдайда адамды  азаматтық  ауруханаға апаруға тура келеді, мұндай жағдайда арнайы рапорт жазылады, прокурор көреді, жария болады. Олар қажет пе…?
Бүгінгі жүйе осылай жұмыс істеп жатыр. Жүйе «біз реформа жасап жатырмыз» деп жұртшылықты мазақ етуде. Себебі бұл жүйедегі жасалатын «реформалардың» бәрі «профанация» мен көз бояушылық. Солай екендігіне сотталғандар бірнеше жылдан бері көздері жетіп отыр.
Иа, енді үстелдерге дастархан жайылатын болды, кейбір кезде салатқа дейін үстелге қойылады. Оны айтасың, кейбір туалеттерге су қосылған.. Реформасының түрлері осы.. Ең бастысы,  түрме әкімдігі  сотталғандарға баяғы әдетімен  қой қораның ішіндегі  мал сияқты қарайды, олармен шыбықтың тілімен ғана сөйлеседі.
Мұндай жерде реформа емес, жүйені түгел өзгерту  қажет. 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.