Макс БОҚАЕВ –  бұл адаммен көп жылдар бойы адам құқын қорғау кеңістігінде қатар қызмет етіп келеміз. Арамыз ешқашан өте жақын болған емес, өте жақын дос болмасақ та сырттай бір біріміз жайлы жақсы білетінбіз. Себебі, Қазақстанның екі шетінде ортақ бір жұмыспен айналыстық.

Мен тұтқындалған кезімде, сосын ҰҚК  Алматы департаментінің тергеу изоляторынан этаппен Ақтауға жөнелтілген кезімде (мені «қылмыс жасаған жерімде соттамақ болғанда») мені, менің отбасымды қолдаған, әйеліме көмектеске, әртүрлі қолдау акцияларына қатысқан Макс болған еді. Атыраудан Ақтауға арнайы келіп өзіне тиісті деген азаматтық істерді атқарды. Максты тұтқындаған кезде мен лагерьде болдым, сол кезде өз тарапымнан оған қолдау көрсете алмадым….

 Бүгін Макстың туған күні. Темір тордың ар жағында әділетсіз қапаста кезекті туған күнін өткізіп жатыр. Макстың қазіргі жағдайын жақсы түсінемін, әділетсіздікке толы, күлкісіз қуанышсыз таусылмайтындай созылатын барақ өмірі…   

Макс!  Мен және Әлия, біздің www.kuresker.org– командасы сені және жақын туыс, достарыңды осы мерекеңмен құттықтаймыз! Ең бастысы — денсаулық тілейміз. Бостандыққа шығатын күніңді жақындататын жақсы өзгерістерді Құдай жазсын. Көріскенше күн жақсы болсын! 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.