Кешегі күннің кешінде азаматтық белсенді Роман Рейхерт жұртшылыққа өзінің үндеуін жариялады. Айта кетейік, «ҚДТ-а (ДВК) қатысың» бар деп айып тағылып отырған Роман Рейхерттан, батар күні жақындап қалған билік үрейі ұшып қорқып отыр. Саяси қылмыстық мотивпен болайын деп отырған сот алдындағы Романның үндеуі қысқа да нұсқа, ойын жақсы жеткізген. 

Романның айтуы бойынша ол жайлы деректерді учаскелік полицей оның өткен өмірінде болған «ісінен» алыпты! Роман осыдан 11 жыл бұрын сотталған болатын. Учаскелік полицей  Роман жайлы оның көршілерінің жаман сөз айтпайтынын біліп оның өткен өмірін тексеріп «жақсы ақыл» тауыпты…

«ҚДТ-а қатысқаны үшін» деген айып онша мықты емес екенін сезген, оның саяси екені көрініп тұр, сондықтан оның өткен өмірін «қазып» тапқандары. 

Иа,  бүгін ҚДТ идеялары үшін адамды қуғындау оңай болып тұр, әкімдерді сайлау керек деп айттың — ҚДТ мүшесісің, жемқорлыққа қарсысың тағы да ҚДТ-шылсың,, билікке қарсы болсаң, онда ҚДТ-ң белсенді мүшесісің.  

Роман РЕЙХЕРТ  «КӨШЕ партиясын» қолдайды, әзірше бұл партияға биліктің ресми айыбы болмай тұр. Қазір Ақтөбеде әділетсіз қаралаушы сот жүріп жатқан болар. Роман айыпталушы. Романды қолдаушылар көп, олар Романды қолдайтындығын ашық аты-жөндерін жасырмай айтып жатыр.

Роман да, оны қолдаушылар да нағыз азаматтар. Олар айтады: бізді біліп алыңдар, танып алыңдар, біз сендерден қорықпаймыз. Иа, бұл жігіттер нағыз азаматтар. Болашақ солардыкі. Бүгінгі өздерін мен билікпін деп үрейі ұшып отырғандарды соттайтын да осы азаматтар.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.