Ертең, мамырдың 11-і күні сағат 10-00 Ақтөбе облысының Мәртүк ауданының орталығында кезекті саяси сот процессі өтеді. Өкінішке қарай, тағы да кезекті деген сөзді қолданып отырмыз. Карантин уақытында құқық қорғау органдары ерекше белсенділеніп кетті, себебі түсінікті, көрініп тұр — олар    сот істеріне қоғам өкілдерін  қатыстырмай оны онлайн режимде өткізбекші. Өздеріңіз білесіздер ғой, мұндай кезде сот пен құқық қорғау органдары  істі барынша бюрократияландырып билік берген тапсырысты бұлжытпай орындағысы келеді.

Бұл жолы азаматтық белсенді Роман Рейхертті соттамақшы. Роман көптеген бейбіт акциялардың, челлендждердің  қатысушысы, көптен бері жергілікті полицейлердің «жүйкесіне» тиіп жүрген адам. 

31 наурызда Романның үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын, тағылып отырған айып — ҚР ҚК 405 бабы 2 б. «ҚДТ-а қатысқаны үшін».  Үйінен тінту кезінде телефонын алып, сосын оны тексерген «сарапшылар» саяси бап бойынша  қылмыс жасады деп айыптап отыр. 

Естеріңізге салайын, 12 мамыр күні дәл осындай сот ісі петропавлдық азаматтық белсенді, блогер Азамат БАЙКЕНОВТЫҢ үстінен де өтпек. Қазір ол карантиндік режимді бұзғаны үшін деген айыппен 7 күндік әкімгершілік қамауда отыр.

 Диктаторлық режим қоғамның ішінде белсенділігімен көрініп жүрген, басқаларға үлгі болуы мүмкіндерді бөліп алып ұстап қамап жатыр. «Қоғам үшін қауіпті» болуы мүмкін дегендерді ұстау тактикасы әдісімен  қоғамды «тазартпақ» ойы болса бір жағынан, екінші жағынан  басқаларды қорқыту жұмысы да жүріп жатыр. Әрине, мұндай тактика қысқа мерзімдік нәтиже берері анық, иа, қысқа мерзімдік нәтиже береді. Қорыққандар ығысып шығып кетер, ал қысымға шыдағандар  шынығып қайраттана береді. 

Нәтижесінде, осалдардың сахнадан өз бетінше кетуі, тек шыныққандардың қалуы наразылық сахнасында тек қана мықтыларды іріктеп қалдырады. Олар бүгінгі режимді кетіріп қана қоймайды, кейін бұл режимнің  заңсыз, әділетсіз тапсырмаларын орындағандарды  люстрациялау процесіне қатысатын болады.  

Бүгін әрбір адам өз таңдауын жасауда. Ертең әрқайсымыз сол таңдауымыз үшін жауап беретін боламыз. 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.