Осыдан екі-үш апта бұрын танымал құқық қорғаушы, адам құқы жөніндегі халықаралық сарапшы Евгений Жовтиске қарсы оның абыройын түсіру және сенімсіздік көрсетуді көздеген Ақорда ұйымдастырған науқан кезінде оны қолдаған едік.

Евгений Александровичті жақсы білетіндер үшін бұл түсінікті және де тіпті қызық та емес. Оның абыройы мен біліктілігі талай рет сыннан өткен, талай рет  Жовтиске қарсы жымысқы әрекеттер мен жалған бықсыған істер ұйымдастырылып олардың барлығынан абыроймен шыққан адам. Бұл жымысықы тірліктердің  қай жерден шығатыны, кімдердің ұйымдастырып жүргені белгілі — Қараорданың сасыған түкпіріндегі сілімтіктерден. Дегенмен бұл бықсыған жаман істің шеті  Қазақстаннан тыс аймақтарға да жетіпті, шетелде Евгений Жовтисті жақсы біледі, оны құрметпен атайды.

 

                Front Line Defenders ұйымының мәлімдемесі.

(Front Line Defenders ұйымы 2001 жылы Дублинде құрылған,  Ұйым  Адам құқының жалпыәлемдік Декларациясы паш еткен құқықтарды қорғаумен айналысатын құқық қорғаушыларға қауіп төнген жағдайларға араласып оларды қорғаумен айналысады.  Front Line Defenders ұйымының жұмыс бағыты құқық қорғаушылардың алдарына қойған қызметін қорғауды көздейді  – kuresker.org).

 

Қазақстандағы құқық қорғаушы Евгений Жовтиске қарсы оның абыройын түсіру        мақсатындағы науқан.

 

2020 жылдың 29 сәуір мен 3 мамыр аралығында қазақстандық БАҚ пен әлеуметтік желіде құқық қорғаушы Евгений Жовтиске қарсы оның абыройын түсіруді көздеген науқан жүргізілді.  Қуғындау науқаны Жовтистің жиын бостандығы жайлы жаңа заң жобасын сын айтқан соң, атап айтқанда шетел азаматтары мен азаматтығы жоқтардың  еркін жиын бостандығына деген позициясын айтқаннан  кейін басталды.  

Евгений Жовтис — құқық қорғаушы, адам құқы мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық қазақстандық бюроның директоры. Соңғы 25 жыл бойы Қазақстандағы адам құқығының бұзушылықтарын сынға алып жүрген адам. Ол ОБСЕ/БДИПЧ -ң бейбіт жиындар мәселесі бойынша сарапшылар кеңесінің және Халықаралық заңгерлер ассоциациясының адам құқы жөніндегі институтының директорлар кеңесінің мүшесі.

2020 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі  «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды өткізу және ұйымдастыру тәртібі туралы» заң жобасының концепциясын жариялады.   Евгений Жовтис бұл заң жобасына байланысты оған заңнамалық талдау жасап бейбіт жиындарды қатаң бақылауға алып отырған жобаны сынады.  Құқық қорғаушы жобаның халықаралық  ұйымдар ұсынған стандарттарға сәйкес емес тұстарын сынға алды. Ол сонымен бірге БҰҰ-ң бейбіт жиындар мен бірлестіктерге бірігу бостандығы бойынша Арнаулы баяндаушысының, оның 2015 жылға Қазақстанға сапары бойынша ұсыныстарына қайшы келетін тұстарын сынады. Жовтистің жасаған қорытындысы — заң адамдардың бейбіт жиындарға деген еркіндігін қорғамайды, керісінше бұл құқықты реттеуді мемлекетке береді.

Осы орайда 17 ақпан күні Евгений Жовтис құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина екеуі БҰҰ-ң Арнаулы баяндаушысына хат жолдады.  Хатында бұл заң жобасына баға беруді сұрады, Қазақстан Республикасының Үкіметін одан бас тартуға, халықаралық стандарттарға және Арнаулы баяндаушының ұсыныстарына сәйкес келетін жаңа заң жобасын қабылдауға шақырды.

29 сәуірде қазақстандық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде Евгений Жовтиске қарсы бағытталған қара күйе жағу, жеке басына сөздер айтылған постар мен мақалаларда Жовтис Америка, Ресей, Қытайдың мүддесіне қызмет жасап жүр деп жазды. Жарияланымдарда негізінен алғанда Евгений Жовтистің Қазақстанда шетел азаматтары мен азаматтығы жоқтарға митинг жасауға болады деген позициясы қатты сынға алынды. Көптеген постылар мен мақалаларда жұртшылық «Қазақ үні» газетінің бас редакторы, «Ак Жол» саяси партиясының төрағасының орынбасары Қазыбек Исаның мақаласы негізге алды.  Қазыбек Иса сонымен бірге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жанындағы Ұлттық қоғамдық  сенім кеңесінің мүшесі.

Сол күні дәл сондай айыптаулар БАҚ-а, әлеуметтік желіде орын алды, танымал медиа-менеджерлер саналатын Аршат Ораз (KerekMediaGroup бас директоры), Самат Нуртаза (жергілікті «тролльдар фабрикасының директоры) тағы басқалар бұл іске «білек сыбанып» кірісті. Келесі төрт күн бойы алғашқы күндері жарияланған хабарлар қайталанып әрі қарай айыптаулар мен қаралау жалғасты.  

Сөз мәтіндерінде құқық қорғаушыға «ресейлік консерві», Ресейдің «агенті», «трояндық жылқы», ақшамен қаржыландырушылардың «жырын» жырлап отыр  деген сөздер айтылды.

FrontLineDefenders  ұйымы Евгений Жовтистің  қадірін түсіруге бағытталған науқан кезіндегі жауапсыздыққа өзінің мазасызданатындығын білдіреді. Мұндай жауапсыздық құқық қорғаушыларға деген жаман көзқарасты, әсіресе билікті сынайтын, биліктің пікірімен келіспейтін құқық қорғаушыларға деген теріс көзқарасты қалыптастырады. FrontLineDefenders  ұйымы бұндай қаралау науқанға әсіресе саяси лидерлер мен қазақстандық БАҚ өкілдерінің қатысуына мазасызданады. Мұндай іс-қимылдардың аяғы құқық қорғаушыларға қарсы күш қолдануға апаруы да мүмкін. Мемлекет тарапынан мұндай қаралау науқанның айыпталмауына FrontLineDefenders  ұйымы  қауіптенетіндігін білдіреді, себебі мұндай жауапсыздықтың аяғы Қазақстанның басқа да құқық қорғаушыларын қуғындауға әкеп соқтыруы мүмкін.

FrontLineDefenders ұйымы Евгений Жовтистің қадірін түсіруге бағытталған БАҚ пен әлеуметтік желіде мақалалар мен хабарлардың  жаппай жариялануын   Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиындар туралы заң жобасының  Концепциясын сынағаны үшін Евгений Жовтиске қарсы ұйымдастырылған түрде жасалып отырған тірлікке  байланысты мазасызданады, оған қарсы ұйымдастырылып отырған дұшпандық көзқарастың еш негізі жоқ, Қазақстанда құқық қорғаумен бейбіт жолмен айналысып жүргеніне жасап отырған жамандық әрекеті. 

FrontLineDefenders-ң Қазақстан үкіметіне айтары:

  1. Құқық қорғаушы Евгений Жовтистің қадірін түсіру үшін қазақстандық БАҚ пен әлеуметтік желіде бағытталған, жалғасып жатқан науқанды тоқтатуды және батыл айыптауды сұраймыз;

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.