Шымкент лагерінде,  ИЧ 167/2 мекемесінде сотталғандарды жаппай ұрып соғу орын алды. Осы жайлы жеке парағында құқық қорғаушы Елена Семенова және «Медиа зона. Орталық Азия» хабарлады.  

Сотталғандардың туыстарының хабарлауынша олардың қамаудағы жақындарының «аяғы мен қолын» таяқтап ұрған, сотталушылар таяқтан қашып барактың шатырына барып тығылған. Болып жатқан оқиғаны Қылмыстық атқару жүйесінің департаментіне, прокуратураға хабарлағанына біраз уақыт болған, сотталғандардың айтуынша ұрып соғу әлі жалғасып жатыр екен. 

Болып жатқан оқиғаның  себептері жайлы, оларды ұрып жатқан кімдер — мекеме қызметкерлері ме, әлде әскердің көмегімен жасалатын сотталғандарды «тыныштандыру» операциясы ма, ол жағы белгісіз. 

Бір нәрсе айқын:  ИЧ 167/2 мекемесінде  сотталушыларға қарсы азаптау, қорлау, аяусыз ұру амалдарын қолдану арқылы тағы бір кезекті қылмыс жасалуда. 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.