Осы сөзбен бастапты өзінің бейнеролигін ақтөбелік белсенді,  «Көше партиясының» аймақтық чатының жетекшісі Асанәлі СҮЙЕУБАЕВ. 

16 сәуірде Асанәлі  психоневрологиялық диспансарге күшпен заңсыз жатқызылған болатын.  Оны жындыханаға жатқызатындай ешқандай негіз жоқ болатын. Асанәлі өте байсалды, салмақты жігіт, бұл сөзімізге мына роликті көріп көздеріңізді жеткізулеріңе болады.  Керісінше, Асанәліні психдиспансерге жатқызған учаскелік полицейдің дені сау емес болар, себебі бұл полицей жамандыққа қызмет етеді, Асанәлі олармен күресуші.  

Асанәлі екінші топтың мүгедегі, аяғының мүкісі бар, ата-анасы да мүгедектер, соларды қарайды…. Өзі мүгедек, заң бұзбаған және мүгедек ата-анасын бағып асырап отырған адамды қамқоршысынан айырып заңсыз бұйрықты орындап отырған бұл қандай полицей? 

Әй, мент, сен өзің қандай адамсың? Сенде ата-ана, отбасы мен бала-шағаң, әйелің бар ма? Олар сені кім деп санайды? 

Асанәлі  СҮЙЕУБАЕВТЫҢ босануына көп адамдар болысты.  Дана ЖАНАЙ және адам құқын қорғайтын QAHARMAN қоры жан-жаққа сұрау салып,  адвокат іздеп тапты,  Бахытжан ТӨРЕҒОЖИНА дабыл қақты, Жовтис адвокаттың пұлын төледі, қорғаушы РАСИЛЯ (толық аты-жөнін білмедік) қолынан келгенін жасады, сүйтіп Асанәлінің  бостандыққа шығуына үлестерін қосты. 

Асанәлі таратып жатқан бейне ролигінде қазақша-орысша не болғанын, қалай болғанын айтып, өзіне көмектескендерге ризашылығын білдіруде. Сүйтіп бұл істің ақыры жақсы болған сияқты, бірақ сұрақтар мен проблемалар жауабын күтіп тұр. 

Сау адамды жындыханаға салғаны үшін кім жауап береді? Асанәлінің 16 сәуір күнгі заңсыз, еш себепсіз қамалуының нәтижесінде алған жүйке соққысын  кім жауап береді? Алған моральдық зардабының орнын кім толтырады? Асанәлі мен ата-анасынан кім кешірім сұрайды? Әлеуметтік көмек беру үшін келген қызметкер неге Асанәліге адвокаттан бас тарт деп үгіттеген? Әлеуметтік жәрдем беретін мекеменің құзіретіне осы кіре ме? Бұл арандатуды кім жасады? 

Мен өз пікірімнен қайтпаймын дейді Асанәлі СҮЙЕУБАЕВ. Асанәлінің сөздері нақты дәлел мен айғақтарға негізделген, өзін қуғындап жүргендермен салыстырғанда өресі биік, мерейі үстем екендігі көрініп тұр. 

Орталық қалалар мен Астана мен Алматыдан алыс жерлерде осылай өз көзқарастары үшін қудаланып жүргендер көп.Олар бізден қолдау күтеді. Егер осындай кісілер жөнінде естіген болсаңыздар, бізге хабар беріңіздер, бірлесіп көмектесеміз.

Дәл осы Асанәлі сияқты адамдар, өз пікірлері мен ұстанымдары үшін таяқ жеп келе жатқандарына қарамастан, бірақ сол жолынан таймай жүргендер, олар біздің өмірімізді бейбіт жолмен жақсы жағына өзгертеді. Осындай адамдар неғұрлым көп болса, өміріміз тез жақсарады. 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.