Азаматтық белсенді Азамат Байкеновтың қарындасы әлеуметтік желіде бір бейне көріністі таратты, содан байқағанымыз  — полицейлер Азаматқа қарсы тағы бір жамандықты дайындап жатқан сияқты. Бұдан бұрын хабарлағанбыз, Азамат Байкеновқа қарсы ҚР ҚК 405 бабы бойынша оған саяси қылмыстық айып тағылып отыр. 

Азаматқа қазақстандық сот «экстремистік» деп таныған ҚДТ қоғамдық ұйымына «ұнайды» деп «лаик» белгісін қойғаны үшін кінә тағылған. 

Азаматқа қазір «үйқамақ» шарасы қолданылған, бірақ кеше оны полицей учаскесіне алып келіп күні бүгінге дейін ұстап келді. Бүгінгі болатын әкімгершілік сотта оны «үйқамақ» режимін бұзғаны үшін соттайтын болады. 

Бізге белгілі болғанындай, Азаматтың үйден шығып бір жаққа барғаны жайлы полицейдің ешқандай дәлелі жоқ, Қайсар НАУБАЕВ деген таксишіден басқа. Куәгер   сотқа келген жоқ, таксиші шартты түрде бостандықта жүрген адам екен. Бұдан түсінгеніміз, оның еркіндікте жүру-жүрмеуі тікелей полицейлердің қолында, сондықтан да мұндай куәгердің сөзіне сенуге болмайтыны анық. 

Сотты жүргізуші судья Көшенов, әрине бұл кісінің ҚДТ мәселесіне келгенде қаншалықты әділ болары белгісіз.  2012 жылы «Алға!» халық партиясы төртінші рет «экстремистік» деп жарияланған кезде осы судья азаматтық белсенді Сергей Измаиловтың процесінде судья болған еді. Полиция Измаиловты (ол кезде Измаилов компартия мүшесі және Петропавлдағы компартия офисінің қызметкері) бірнеше полицейлерді ұрды деп айыптаған еді….

Қазір Азамат Байкенов үйінде, оның әкімгершілік соты 11 мамырға ауыстырылды, оған дейін шартты түрде бостандықта жүрген куәгерді тауып алмақ. 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.