Просмотреть запись

Кешегі сот пробациялық қызметтің азаматтық белсенді Серік ИДЫРЫШЕВКЕ байланысты ісі бойынша оның өтелмеген жаза мерзімін шектеудің орнына еркінен айыру жөніндегі талабын орындады. 

Серіктің «ісі» жайлы осыдан бұрын жазғанбыз, жәй ғана дәнекерлеуші болып істейтін алыстағы ауылдың жігіті бар болғаны өз ойын білдіргені үшін «экстремист» болып танылған. Оның ойы ҚДТ (ДВК) қозғалысының  талаптарымен сай келгені үшін (ҚДТ өзінің ширек ғасырлық кезеңінде бес рет экстремистік болып танылған, сот шешімімен) айыпталып отыр.

Серік ИДЫРЫШЕВ былтыр сотталған, сот оны бір жыл бас бостандығынан айырып сосын босатқан, бірақ оған әртүрлі қосымша тиымдар салған; оған ешқандай қоғамдық істерге араласуға тиым салған, адамның өз пікірін айтуға, аузына қақпақ салу осы емес пе?! Адам өзін мал немесе құл санап осылай қашанғы жүреді?

Серік ИДЫРЫШЕВ осылай аузын буып, әлеуметтік желіге кірмей үш ай жүрді… Кеше Серікті сотқа апарып қалған тоғыз айын лагерьде өткізесің деген шешім шығарылды…

12 мамырда азаматтық белсенді Азамат БАЙКЕНОВТЫҢ соты болып өтті. Ол да атышулы 405-1 саяси «экстремистік» баппен айыпталып отыр.  Кешегі күнге дейін Азамат үй қамақта отырды, оған да жұрт алдында басқа пікіріңді жариялауыңа болмайды деп тиым салынды. Ол кеше 5 мамыр күні полицей учаскесіне жеткізіліп қамалды. Бүгін сот болады, сірә оны 12 мамырдағы сот мәжілісіне дейін қамауда ұстайтын болар.  

Жоғарыдағы орын алып отырған саяси топастық қараңғылық жайлы қосымша мынаны айтқанымыз жөн болар.  Қылмыстық кодекстің аталған бабымен «экстремизм» деген айыппен сотталғандарды олар бостандыққа шыққан соң да өте қиын өмір күтеді (ондай өмірді өмір деп айтудың өзі қиын). 

Олар енді «экстремистер» тізімінен шыға алмайды. Барлық азаматтық құқықтарынан айрылады (үкімде ол жайлы айтылмайды). Өмірде оларға қарсы «қаржылық мониторинг» деген шара қолданылатын болады, яғни кез келген банкіден қызмет алуға, қамсыздандыруға (жүргізушіге қажет қамсыздандыру да осы тізімде), нотариалдық қызмет, тіпті пошта қызметін алуға тиым салынады. Жұмысқа орналаса алмайды, тұрған күннің өзінде ең төменгі жалақы алатын болады, қалғаны арнаулы есепшотқа кетеді. Өз ісін аша алмайды, қоғамдық бірлестіктерге кіре алмайды. Өз өмірін, жақын туысқандарының, балаларының өмірін қамсыздандыра алмайды. Пошта арқылы сәлемдеме алуға, жіберуге болмайды.  

Кез келген ЖСН қажет жерде монитордың экранында «бұл кісі терроризмді қаржыландыру жөнінде күдікті адам» деген сөздер шыға келеді, ЖСН-н ештеңе істей алмайсыз…

«Экстремист болған» жаңа адамдар жайлы ақпараттар күн сайын түсуде. Олардың барлық кінәсі  —  билік басында отырған нағыз экстремистер мен қылмыскерлер жайлы шындықты айтқандығы үшін. Бұл дұрыс емес. Бұл жағдаймен күресуге тиіспіз. Бәріміз.  

P.S. Мына бейнетаспада азаматтық белсенді Серік ИДЫРЫШЕВТы сотқа алып бара жатыр. Серік әлі ештеңені білмейді, соттан шыққан соң барлық жағдайды жұртқа жеткіземін деген ойда… 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.