Төмендегі материал бойынша сот мәжілісінің (ол жайлы төменде) нәтижесін күтіп отыр едік. Бірақ уақыт өткеніне қарамастан Серік ИДЫРЫШЕВПЕН хабарласа алмай отырмыз, қайда екені білгісіз, сот болды ма, болған болса, немен аяқталды…

Бірақ, мұндай соттардың шешімдерін іс жүзінде талай рет көргенбіз, көп жағдайда сот пробация қызметіне бас тартпайды, сотталғандардың басым көпшілігі сот залынан бірден Уақытша ұстау изоляторына, сосын лагерьге жөнелтіледі.  

Ақпараттың жоқтығы бізді мынаған меңзейді: Шығыс Қазақстан облысы Бобровканың азаматтық белсендісі Серік Идырышев біздің пайымымыз бойынша лагерьге апаратын жолда болар, қателессек деген ойдамыз. Амал жоқ, материаламызды осылай бітпеген күйде аяқтап отырмыз… 

05 мамыр күні  Глубокоеның аудандық сотында Серік ИДЫРЫШЕВКЕ қатысты іс қаралды. Серік бұрын ҚР ҚК 405 бабы бойынша («экстремистік» ҚДТ қатысқаны үшін) сотталған.  Пробация қызметі сотқа ИДЫРЫШЕВ үшін еркіндігін шектеудің орнына оны еркіндігінен айыру туралы ұсыныс берген, себебі ол пробоция режимін бұзды, атап айтқанда әлеуметтік желіде «Көше партиясын» қолдады, түрмеде өлген Дулат АІӘДІЛДІҢ қалай өлгенін тексеруді талап етіп отыр.  

Серік ИДЫРЫШЕВ жайлы материалдан білгеніміз, Бобровкада тұрады, коммуналдық конторада  жұмыс істейді, саясатпен айналыспаған, жеке көлігімен адам тасып күн көреді. 

Бірақ, 2019 жылдың 6 маусымында дәнекерлеуші ИДЫРЫШЕВКЕ » ҚДТ ұйымына заңсыз қатысу жөнінде  қылмыстық ойлар келген», сол себептен де ол жұмыс орнында телефонына бейне үндеу жазған, сөз арасында «6 шілде күні шығыңдар, қорықпаңдар. Еретеңгі күнді ойлаңдар, Қытай келеді, Алға ҚДТ!» Кейінірек ИДЫРЫШЕВ бұл ойларын Инстаграмға да жариялаған. 

Полицейлер «оперативті-іздеулер» жүргізіп қылмыстың «ізін» тапқан, 2 шілдеде Серіктің үйіне келіп тінту жасаған, бірақ «ештеңе» таба алмаған, Себебі ИДЫРЫШЕВ полицейлерге шынын айтқан, телефонды сатқым келіп еді, сондықтан да тазаладым деген. 

Серік ИДЫРЫШЕВТІҢ айтуынша, оған өткен қыста бір жолаушы интернетте  «ҚДТ ВОСТОК» деген топ бар екендігін айтқан. Ол топта елімізде не болып жатқанын айтады екен. Серік осы топқа кірген, оны басқаратын Мұқтар Әбләзов екен, өте қызық нәрселерді естіпті. Әбләзовтың бағдарламасы Серікке ұнапты, үнемі осы топтың материалдарын оқитын болған, Президент сайлауы болған кезде естігендерін, іштегі ойларын досына айтқан, бейнетаспаға түсірген. 

Оның айтуынша ҚДТ-а ешкімді танымайды, көрмеген, ешкімнің тапсырмасын орындамаған, ешкімді ештеңеге шақырмаған, тек өз ойын айтқан. Оның ойынша олай етуге толық құқы бар. 

Міне, Серіктің осы айтқандарының негізінде тергеуші ИДЫРЫШЕВҚА  ҚК 405 бабы, 2 б. бойынша (экстремистік ұйымға қатысқаны үшін) «қылмыстық істі» мойнына қиып салған. Тергеушінің айтуынша, айыбы толық дәлелденген, ИДЫРЫШЕВ «бүгінгі биліктің жағымсыз образын жасаған». Міне, дәл солай. Иа, біздің биліктің, атауы тұрақты, бұл атаудың тек қана жағымды образы болуы тиіс. Басқаша ойлайтын адам — қылмыскер. Қылмыскер түрмеде отыруы тиіс. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.